20
Сб,
апр

һижри

Супермаркет мешітке азық таратты

Жаһан

Tesco британдық супермаркет желісі қасиетті Рамазан айының құрметіне республика бойынша барлық мешітке азық-түлік тарату бастамасын қолға алды.

Tesco жүк көліктері Лондон, Бирмингем, Бэрдфорд және Лестер қалаларының жиырма мешітіне жалпы сомасы 20 000 фунт стерлинг көлемінде азық-түлік жеткізді.

Уолтхэмстоудағы «Файзан-э-Ислам» мешітіне 850 фунт стерлинг қаражатқа күріш, өсімдік майлары, ұн секілді өнімдер таратылды, деп жазады Guardian Walthamstow.

«Рамазан – мейірімділік айы. Сол себепті біз Уолтхэм Форест қаласындағы мешітке азық өнімдерін жеткізгенімізге қуаныштымыз» дейді сауда желісі өкілі Одри Хьюмс. 

ummet.kz-ақпарат 

Поделиться: