20
Сб,
апр

һижри

«Дін және ғаламтор» атты семинар-тренинг өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы

Бүгінде асыл дінімізді дәріптеп, ізгілікті насихат еткен ислами ағартушылық ақпарат құралдарының бірі әлеуметтік желі екені белгілі. Бұл орайда интернет портал қызметінің оқырмандарға маңызды мәлімет пен қызықты деректерді дер кезінде, жылдам жеткізуі алға шығатыны сөзсіз. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты республика мешіттерінің ресми сайттары осы үдеден шығу мақсатында жыл сайын өз ресурстарын жаңартып, халыққа бабадан мирас болған Ислам құндылықтарының шынайы ұғымын жеткізу жұмыстарын жандандыра түсуде. Осы орайда бүгін "Нұр Астана" орталық мешітінде ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "Дін және ғаламтор" атты семинар-тренинг өтті.

Елбасы жолдауында айтылғандай, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, оның алдын алу жұмыстары интернет пен әлеуметтік желілерде қарқынды жүргізілуі керек. Біздің қоғамымыздағы діни сипаттағы радикалды көзқарастарға, іс-әрекеттерге әрбір азамат «мүлде төзбеушілік» танытуы тиіс.

Міне бұл шараның өткізілуінің негізгі мақсаты – ғаламтор кеңістігінде экстремистік ақпараттардан сақтандыру, бүгінгідей интернет қарқынды дамып отырған заманда оны қауіпсіз пайдаланудың ережелері қандай, өзіңді-өзің қауіпсіздендіру шараларын қалай білуге болады деген секілді сауалдарға жауап беру болды.

Шара басында орталық мешіттің наиб имамы Нұрлан Рамазан семинар көтерген тақырып жайында кеңінен баяндады. 

Жиынға арнайы қатысқан Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ғылыми қызметкері Диана Есенова интернет пен әлеуметтік желілерде жат ағым идеологиясының таралу қаупі мен оның салдары турасында ескертіп, кез келген ресурстың мәліметін сүзгіден өткізіп, ресми мамандардан кеңес алуға шақырды. 

Ал «Нұр Астана» орталық мешітінің ресми «Ummet.kz» сайтының жетекшісі Ерлан Әлмен Діни басқармаға қарасты жиырмаға жуық сайттар асыл дінімізді бір бағытта, дәстүрлі жолмен насихаттайтынын айтты. Сонымен қатар, дін саласында ғаламторды белсенді қолданудың әдіс-тәсілдері мен оның маңызды тұстарын үйретті.

Аталған семинарға 80-ге жуық адам қатысып, білгендерін пысықтап, білмегендерін үйреніп қайтты. «Болашақта осындай треинингтер жиі болып, дәстүрге айналса аймақтық имамдар мен мешіт жамағаты үшін нұр үстіне нұр болар еді», - деді аталған шараға қатысушылардың бірі.   

Семинар соңында  «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Н.Рамазан бүгінгі қоғамдағы түйіткілді тақырыпты талқылауға келген қонақтарға алғыс білдіріп, мұндай маңызды шараларды алдағы уақытта та ұдайы ұйымдастыру жоспарға алынғанын хабарлады.

IMG 1301

IMG 1323

IMG 1318

IMG 1314

IMG 1333

IMG 1391

IMG 1338

IMG 1341

IMG 1410

IMG 1447

IMG 1303

IMG 1465

IMG 1378

 

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің 

баспасөз қызметі

Поделиться: