29
Пт,
март

һижри

Дағыстанда ерекше жәдігер табылды

Жаһан

Дағыстанның Дербент қаласында ғалымдар археологиялық қазба жұмыстары кезінде көне араб монетасын кезіктірді.

Алдын ала болжам бойынша көне жәдігер VIII ғасырға тән болуы мүмкін. «Бұл монета өз дәуірінде Араб халифаты құрамына кірген Армения мен Әзірбайжан ақша, тиын соғу шеберханасында жасалған. Қазір әлемде мұндай монеталар саусақпен санарлықтай. Сондықтан, бұл – өте құнды жәдігер» деп мәлімдеді Ресей Ғылым академиясы Дағыстан ғылыми орталығы төрағасы Мұртазали Ғаджиев.

Археологтардың пайымынша, аталмыш монета біздің дәуіріміздің 743-744 жылдар шамасында Дербент қаласында әзірленген. Сол уақытта ескі шаһарда монета сарайы жұмыс істеген. Ал ескі жәдігер ғалымдарға өткен ғасырлардың тағы да көптеген құпияларын ашуға септігін тигізбек.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: