29
Пт,
март

һижри

Қазан демография рекордын орнатты

Жаһан

Қазан қаласы 2016 жылдың алты айы ішінде жаңа демографиялық рекорд орнатты. Бүгінде Татарстан астанасында 11 951 бала туу акті тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 429 актіге көп. Бұл туралы Қазан қаласының мэріне брифинг барысында АХАЖ басқармасы басшысы Гүзел Ғаббасова баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, отбасыларда екінші және одан кейінгі туылған балалар саны 2016 жылдың 6 айы ішінде туған жалпы сәбилердің 55 пайызын құрайды. Сонымен қатар, осы жарты жылдықта үшемдер де дүниеге келген екен.

Қазан қаласында алғашқы демографиялық рекорд 2012 жылы тіркелген. Сол уақыттан бері Татарстан астанасы тұрақты өсу көрсеткішін ұстап келеді. Соңғы он жылдың ішінде Қазанда туу көрсеткіші екі есеге ұлғайған. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: