23
Вт,
апр

һижри

Таяу Шығыстағы ислам өнері Эрмитаж көрмесінде

Жаһан

Ресейдің Петербор қаласындағы Эрмитаж көркемсурет және тарихи-мәдени мұражайында ислам өнеріне арналған көрме ашылды.

Көрме «Таяу Шығыстағы ислам өнері. Мамлүктер сұлтанаты» деген атау алған. Өте құнды экспонаттармен толықтырылған үш бірдей зал мұражайдың үшінші қабатындағы Қысқы сарайдан ашылған. Көрме жетекшісі, Шығыс бөлімінің ғылыми қызметкері Анастасия Теплякованың айтуынша, Таяу Шығыс өнер залындағы көптеген экспонаттар бұған дейін еш жерде көрсетілмеген.

«Бұл өте ғажайып өнер мен сауданың отаны, ғажайып Шығыс жұрты. Бұл кезең әртүрлі металл заттары мен күмістен ғажайып туындылар әкелген уақыт. Әйнектер мен сырлаудың шеберлік шыңы болған дәуір» дейді Эрмитаж бас директоры Михаил Питровский.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: