20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Тұңғыш халал әуе рейсі ұшты (ФОТО)

Жаһан

Rayani Air малайзиялық әуе компаниясы әлем бойынша тұңғыш рет толықтай шариғат талаптарына сай келетін рейс ұшып шықты, деп хабарлайды The Daily Mail.

Халал стандартына сәйкес жабдықталған әуе бағыты Куала-Лумпурдан Лангкави аралына аралығында ұшу рейсін орындады.

Ұшу алдында жолаушылар үшін арнайы құлшылық рәсімі жасалды. Юарлық экипажда мұсылмандар болды, ал стюардессалар шариғат шарттарына сай киінген. Жолаушыларға ұсынылатын ас-тағам да халал стандартына сай. Алкогольді ішімдік сатылмады. Ал оны ішуге түбегейлі тыйым салынды.

The Daily Mail британ басылымы хабарлағандай, мұндай рейсті 2016 жылы Ұлыбританияның Firnas Airways компаниясы да өз жолаушыларына ұсынуды жоспарлап отыр.

Ал өткен қыркүйек айында Fusion Tour түрік компаниясы Эгей теңізі бойынша халал туристік сапарды  тұңғыш рет ұсынған. Кеме бортында спиртті ішімдік пен доңыз етінен әзірленетін өнімдерге қатаң тыйым салынған. Тіптен, ер мен әйелдерге арналған арнайы спорт залдары, спа-орталықтары, сондай-ақ түрік моншасы мен құлшылық бөлмелері де қамтылды.


ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: