29
Жұма,
Наурыз

һижри

Күйеуіңізге осы сөзді ешқашан айтпаңыз

Күйеуіңізге осы сөзді ешқашан айтпаңыз

Мақалалар
Жарнама

Бізге үнемі жақсылық жасап жүрген бір адамның кенет бізге бір зиян тигізгенін көрсек, оның бұған дейін жасаған барлық жақсылықтарын есімізден шығарып аламыз. Оның қадірі, оған деген сүйіспеншілігіміз сол сәтте-ақ құлдырап сала береді.

Ал осы көрініс әйел адамның бойынан табылып жатса, қиынырақ. Бұл сипат әйелдің шүкірсіздігіне, қанағатсыздығына алып келеді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Мен сенен ешқашан жақсылық көрген жоқпын» дейтін әйелдерге ескерту жасап, бұл мінездің түбі жақсылыққа апармайтынын айтқан.  Күйеуіңіздің жасаған жақсылығы үшін оған ылғи алғыс айтыңыз. Бұл отбасылық өмірдің ең маңызды аспектісі болып табылады, яғни жақсылықтың қадірін білмеу – тозақты мекендеушілердің сипаты. Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын): «Бірде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған Тозақ көрсетілді де, оның көпшілік тұрғындары күпірлік (бұл сөз иман мәселелерімен байланысты емес) танытқан әйелдер болып шықты», – деді. Одан: «Олар Аллаға күпірлік еткен бе?», – деп сұрады. Ол: «Олар өздерінің күйеулеріне қатысты күпірлік көрсететін. Егер сен  (сондай әйелдердің) қайсыбіреуіне ұзақ уақыт бойы жақсылық жасайтын болсаң, ал содан кейін ол сенен өзіне ұнамайтын бірдеме көрсе, міндетті түрде: «Мен сенен ешқашан еш жақсылық көрмедім!», – дейді», – деп жауап берді». (Бұхари, Муслим). Имам Ибн Хәжар әл-Хайтами «Тозақ тұрғындарының көбісі – әйелдер...» деген хадис жайлы былай деді: «Мұның себебі – олар Аллаға, Оның Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі бослын) және өздерінің күйеулеріне аз мойынсұнады, сондай-ақ үйден шығарда жиі әрленіп-сәрленіп, адамдарды азғыруға салады». («әз-Зәуажир») Ал келесі бір хадисте: «Өзінің күйеуіне тәуелді бола тұра, оған рахметін білдірмейтін әйелге Алла қарамайды» делінген. (Нәсаи).

«Бірде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, пасықтар – олар Тозақ тұрғындары!» Одан: «Я, Алла Елшісі, ал олар кімдер?», – деп сұрады. Ол: «Әйелдер», – деп жауап берді. Одан: «Я, Алла Елшісі, біздің аналарымыз, апа-қарындастарымыз бен әйелдеріміз – әйел кісілер емес пе?», – деп сұрады. Ол: «Әрине, алайда, сөз егер оларға берсең – рақмет айтпайтын, бастарына сынақ түссе – сабыр танытпайтын әйелдер туралы болуда», – деп жауап берді. (Ахмад, Хаким).

Ал сіз күйеуіңіздің бар болғаны үшін және сіз үшін істеп жатқандарына риза болыңыз. Күйеуіңізге риза болағаныңыз, Алланың жазғанына разы болғаныңыз. Күйеуіңіздің жұмысында немесе қаржылық қиындық болғанда оны жегідей жей бермеңіз. Сізден де жағдайы төменге қараңыз және осыған разы болыңыз.

Алла Тағала барлық ерлі-зайыптыларға бақытты өмір сүруді нәсіп етсін!

ummet.kz

Бөлісу: