Ел іші
Назиғат сүресі [11 – 15 аяттар]

Назиғат сүресі [11 – 15 аяттар]

11

أَإِذَاكُنَّاعِظَامًانَّخِرَةً

«Тіпті, қоқымға айналған сүйек болсақ та ма?»

Және же: «Біз қураған сүйекке айналған соң қайта жанданамыз ба?»–дейді.

12

قَالُواتِلْكَإِذًاكَرَّةٌخَاسِرَةٌ

Олар: «ендеше ол қайғылы бір қайту екен,»–дейді.

Мойындамайтындар: «Егер қайта тірілу рас болса, өлімнен кейін қайта өмір болса, біз зиянға ұшырағандар қатарынан боламыз. Өйткені, біз тозақ иелерінен болып қаламыз,»–дейді.

13

فَإِنَّمَاهِيَزَجْرَةٌوَاحِدَةٌ

Негізінде ол қатты бір дауыс қана.

Шын мәнінде, қайта тірілу бір (екінші) рет қана сүрге үрлеу. Міне, сол кездеқабірдегілер қайта тіріледі.

14

فَإِذَاهُمبِالسَّاهِرَةِ

Сол уақытта олар жерде тіріліп тұрады.

Жер қойнауында жатқан барлық өлген жаратылысқа қайта жан бітіп, жердің бетіне шығады. Ал, Саһира–Шам жері деген риуаят бар.

15

هَلْأَتَاكَحَدِيثُمُوسَىٰ

Саған Мұсаның хабары келді ме?

Алла Тағала пайғамбары Мұхаммедтің (с.ғ.с) көңіліне медет беру үшін және шектен шыққан елдің басына келетін апаттарды еске салу үшін елін құлағдар етіп, Мұсаның (а.с) перғауынмен болған қиссасын айтуда.

269 рет оқылды