Ел іші
Бейбіт күнді бағалау – мұсылмандық белгісі

Бейбіт күнді бағалау – мұсылмандық белгісі

Мейірімді рақымды Алланың атымен!

 

Ислам – бейбітшілік пен сүйіспеншілік діні. Исламның негізгі мақсаты: адамдарға деген сүйіспеншілік, адам құқығына деген құрметті жүрегіне орнықтыру арқылы қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтау.

Бір-бірімізді сыйлау, басқалардың құқығына құрметпен пен қарау – нағыз мұсылман болудын негізгі шарты.

Бүкіл әлем, барлық адамзат бейбітшілікті қалайды. Ал, бейбітшіліктің  ең үлкен кепілі Ислам екенін көзіқарақты көпшілік мойындау үстінде. Осы сөздердің дәлелі Қасиетті Құранымыз бен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өшпес мұрасында  өте кең көрініс тапқан.

Ислам діні барша адам баласы бір-біріне деген құрмет-ізетті болуын, өзара түсіністік, әрқилы қиыншылықтарды бірігіп шешуін  бұйырады. Бұл туралы Құранда:

«Алла тартқан желіден (діннен) бекем ұстап, айырылмандар. Алланың өздеріңі жасаған рақымын еске алындар. Сендер өзара жау едіндер, ол сендердің жүректеріңді жақындатты. Соның  рақымымен табысып, туыстасыңдар» (Ғимран сүресі, 103) делінеді.

Ислам сондай-ақ – тыныштық пен татулықтың діні. Адам атымен аталмайтын жалғыз дін бұл – Ислам. Ислам сөзінің мағынасы – берілу, тәсілім болу, өзін Аллаға тапсыру, тыныштыққа жету деген ұғымды білдіреді.

Мен мұсылманмын деген адам амандасқанда өзара «Ассаламуғалейкум» дейді, яғни «Сізге Алланың нұры жаусын, Сізге тыныштық тілеймін».

Осы сөздердің өзі-ақ Ислам дінінің мән-мағынасы мен мазмұнын айқындайды. Мұнда мұсылмандардың бір-біріне мейірімділігі, ықыласы жатыр.

Ислам мейірімділікті мақсат тұтады кез келген зұлымдыққа тиым қатаң тыйым салады. Мұсылман адам өзіне де, өзгеге де, тіптен, мейлі ол мұсылман немесе басқа дін өкілі болсын, зұлымдық жасамайды!

Қандай діннің болмасын мақсаты – адамды жетілдіру, жамандықтан жақсылыққа жетелеу, қатыгездіктен мейірбандылыққа, кедейліктен еңбекпен баюға, әділетсіздіктен әділеттілікке жетелеу.

Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

«Жақсылықтың сыйлығы жақсылық қана» (Рахман сүресі, 60 аят)

Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. бұл аятқа қатысты:

«Бұл сөз жақсы және жаман адамға да қатысты» деп түсінік берген.

Құран Кәрімнің келесі аятында:

«Дінді зорлау жоқ. Расында, туралық, азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонда ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Алла әр нәрсені естуші, білуші» (Бақара сүресі, 256 аят)

Тағы бір аятта:

«Мұхаммед (с.ғ.с.) егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Алланың сөзін тыңдағанда дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орнына жеткіз. Бұл олардың білмейтін ел екендігінен». (Тәубе сүресі, 6 аят).

Ислам тарихына қарасақ, бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Наджраннан келген христиандарға пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) олардың мінәжат етуі үшін мешітті берген. Сол сияқты, Араб халифаты Ислам дінін Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейін таратқанда ертедегі Римнің Дамаск қаласында «Юпитер» шіркеуінің мұсылмандар мен христиандар бір шіркеу астында, бір есіктен кіріп, бір үйдің шатырының астында тұрып мінәжат еткен екен.

Ислам адамдарды ұлт пен нәсілдеріне, атақ пен даңқына қарап дәрежесін белгілемейді. Керісінше, Алланың алдында ең ардақты адам тақуалығымен ғана ерекше болады.

Ислам діні алғаш таралған сәтте-ақ ақ ұлт пен нәсілге бөлінушіліктен қайтарған. Ислам діні, әрқашан, ұлттық шофинизмге қарсы болған және ешқашан қоғамдық құрылысқа қарсы шығуға шақырмаған. Ислам діні жеке бір ұлттың, не бір тайпаның, рудың діні емес, ол – бүкіл адам баласының, барлық халықтардың діні.

«Ей, адамзат! Сендерді біз әуелде бір еркек, бір әйелден ( Адам ата мен Хау анадан) яғни бір ата, бір анадан жаратып, өрбіттік. Өзара қарым – қатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп көбейттік. Ал ерекше – діндар болғандарынды Алла құрметті адам санайды (яғни, сендердің бір біріңнен артықтығын несібелеріңмен емес, діндар – тақұалықтарыңмен есептеледі). Анығында, Алла барлық нәрсені біліп, бәрінен хабар алып отырылады». (Хужурат суресі, 13 аят)

Алла Тағала бұл аятпен баршамыздың бір Атадан, бір Анадан екенімізді, барша халықтар бір-бірімен жақсы қатынаста болып, бір-біріне көмектесуге, түсіністікпен өмір сүруге бұйырады.

Осындай Ислам дінін мүлде басқа сипатта көрсетіп, елді үркітіп-қорқытып жүргендер де өкінішке қарай кездеседі. Исламды жеке мүдделеріне жалау етіп мұсылман деген ұлы атаққа кір келтіріп жүрген топтар да пайда болды.Мұның салдарынан, ата-аналар баласы намаз оқып, имандылыққа бет бұрса, үрейленіп шошына қарайтын жағдайға жетті.

Шындығында, кейінгі кезде шет ел ақпарат құралдырында «Вахабизм», «Ислам фундаментализмі», «Исламдық экстремизм» деген тіркестер көп айтылып жүр. Исламды қара етіп көрсетуге талпыныс көп.

Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының VII  сессиясында сөйлеген сөзінде:

«... Біздің дінді экстремизмнен айқын ажыратып алуымыз, адамдардың өзінің түпкі нанымына ұмтылған табиғи ниетін халықаралық терроризмнен үзілді – кесілді бөліп алып қарауымыз керек» деп айтты.

Дүние жүзінде бірінші болып біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаев үлкен-үлкен мінбелерден асыл дінімізге жанашырлық танытып, нақты дәлел-дәйекті пікірлер айтты.

Президентіміз өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында қасиетті дінімізді «Ислам радикализмі», «Ислам экстримизмі», «Исламдық қауіп-қатер» атты шындыққа сәйкес келмейтін айыптаулардан үзілді-кесілді қорғады. «Исламдық қауіп-қатер деген ұғымды еріннің ұшымен айта салу оп-оңай болғанымен, оның үрейлі қанатының кеңге жайылып барып жатқаны соншалық, енді Исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттілігін сөз ететін кез келді» деді Елбасы.

Мұсылмандар кәпірлерден үстем боп тұрған кезде де оларды дінге кіруге золамаған. Бұл жөнінде Тәубе, Бақара сүрелерінде «Ақиқатында, дін – жеңіл, бірақ кім дінді қиындатса дін оны жеңеді». «Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды» (Бақара 185) деп сипатталады. Ал пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінде «Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар және құандырындар, жек көрсетпендер» (Әл - Бухари), «Жаным қолында болған Аллаһпен ант етейін! Иманға келмей жаннатқа кірмейсіндер, ал бір – бірінді жақсы көрмей(толық) иман келтірген болмайсындар. Сендерді оны істесеңдер, араларында сүйіспеншілік пайда болатын бір нәрсеге нұсқайын ба: Өзара сәлемді таратындар» делінеді (Муслим).

Шынайы мұсылман қолымен һәм тілімен де ешкімге зиян келтірмейді.

Келесі бір хадистерде әз елші (с.ғ.с.): «Адамдарға мейірімділік көрсетпегендерге Аллаһ мейірім көрсетпейді». (Әл Бухари Муслим)

«Мейірімділерге Әр-Рахман мейірім көрсетеді. Жердегілерге мейірім көрсетіңдер, сонда сендерді көктегі (Аллаһ) мейірімділікке бөлейді». (Ахмад. Әбу Дауд Тирмизи) деп баяндайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өзінің сан-салалы қызметін Мемлекет басшысының ішкі-сыртқы салиқалы саясатына қолдау білдіре отырып, көпұлтты, көпконфессиялы еліміздің ынтымағы мен бірлігін күшейте түсуге бағыттап келеді. Өйткені, дін адамдары қашанда бейбітшілік, әділдік, имандылық туын көтерушілер қатарынан табылуы тиіс. Алла тағала адам баласына бейбітшілік пен әділдікті сый етті.

Олай болса, Жаратушы Иеміздің теңдессіз сый-нығметін қадірлеп, қастерлеуге міндеттіміз!

Яхия қажы ИСМАИЛОВ,

«Шейх Кунта қажы»

мешітінің бас имамы

613 рет оқылды