Ел іші
Ана сүтінің құрамында еш жерде кездеспейтін 200-ге жуық қант бар

Ана сүтінің құрамында еш жерде кездеспейтін 200-ге жуық қант бар

Цюрих университетінің физиология Институты биологтары сүтқоректілерінің ішіндегі адам сүтінің құрамы ең күрделі екенін анықтаған. Оның құрамында ешқандай жануардың сүтінде кездеспейтін 200-ге жуық қант бар болып шықты деп хабарлайды islam.kz.

Ана сүтіндегі қант мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда, үлкен айырмашылықты көрсеткен.

Оқымыстылар ана сүтінің құрамы баланың иммундық жүйесінің күштілігі, оның даму үстіндегі асқазаны, ішек жолдарының сау болуына тікелей байланысты екенін айтуда. Баланы емізу кезінде қант мөлшері арнайы белгіленбеген. Себебі жаңадан туылған баланың ағзасы адамның бір бөлігі, яғни даму үстіндегі құбылысқа толы.

Сондай-ақ, ана сүтінің құрамы  молекулаларға бай. Олар даму үстіндегі  ағзадағы  өсуді тежейтін негативті әсері бар патогендерге қарсы тұрады. Ана сүті сонымен қоса баланың қан құрамын  қажетті дәрумендермен байыта түседі.

Бала дүниеге келген бір айдың ішінде ана сүтінің құрамы өздігінен өзгере түседі. Бұрынғыдай жас ағзаны тазалайтын құрамның орнына нәрестенің иммундық жүйесін бастапқыға қарағанда күшейте түсетін элементтер мен дәрумендерге толы болады. Сүт құрамындағы қант түрлері де азая түседі. Оның орны май мен жас ағзаға күш беретін, өсіретін элементтерге толығады.

Ана сүтінің құрамындағы табиғи әрі пайдалы дәрумендердің арқасында баланың тез өсіп, аурушаң болмайтыны рас. Дегенмен қазір түрлі жағдайларға байланысты, заманға сай ұнтақтар мен балалар тамағы да сәбидің дұрыс тамақтануына, өсіп жетілуіне көмектесе алады.  Дегенмен ана сүті баланың ішек, асқазан, ішкі құрлыстарының дұрыс жетілуіне көмектесіп осы ағзаларға және тыныс алу жолдарына тиетін аурулардың алдын алуға бірден бір таптырмас шипа бола алады.

Оқымыстылар ана сүтінің арқасында кез-келген сәбидің қандай жағдай болмасын сау әрі иммундық жүесі мықты болатынын айтқанымен, баланы қанша уақыт емізу керектігін дөп басып айта алмай отыр. Қазірге бала емізудің уақытын әр ана өзі шешеді.

169 рет оқылды