Ел іші
Әһлy сунна ғалымдарының Ибн Таймия турасында пікірі

Әһлy сунна ғалымдарының Ибн Таймия турасында пікірі

Тақий әд-Дин Ахмед ибн Әбдуль-Халим ибн Әбду-ссаләм ибн Абдуллаһ ибн Әбу әл-Қасим ибн Мұхаммед ибн Таймия, Әбу әл-Аббас (أبو العباس تقي الدين أحمد ابن عبد الحليم ابن عبد السلام ابن عبد الله ابن أبو القاسم ابن محمد ابن تيمية). «Шейх әл-Ислам» деген лақаппен танымал. 1263жылы Харран қаласында дүниеге келіп, 1328 Дамаск қаласында қайтыс болған. Өз заманының атақты дін қайраткері, тәпсір, хадис жәнефиқһ ғылымдарын жетік меңгерген.

Мұсылман әдебі бойынша бір ғалымның еңбектерін, оның ұстанымын қатеге шығарар алдында  өте мұқият, ұқыпты болған жөн, өйткені бұл іс барысында Алланың харам еткен амалы -  ғайбатқа кіріп кетуіміз мүмкін. Бір ғалым жайында толық мәлімет немесе сипаттама алу үшін сол уақыттағы аталмыш ғалыммен замандас және одан кейін өмір сүрген ғалымдардың пікірін негізге алу ең тиімді жол. Бір ғалымға сын айтудағы мақсат оны төмен түсіру, даттау емес, негізгі мақсат – мұсылман бауырлардың санасында ол ғалым жайында дұрыс түсінік қалыптастыру.  Кез келген ғалым қателесуі мүмкін, бірақ бұл қателік мұсылман үмметінің шытынауына немесе көпшілік ғалымдардың діннің кез келген мәселесіне ижмағ (келісу) жасағанына қарсы келген жағдайда бұл ғалымға еру тыйым салынады. Көпшілік ғалымдардың пікірімен санасу шариғат талабы. Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің мүбәрак хадисінде:

إِنَّ أُمّتِي لَا تَجْتَمِعُ عَلَى ضَلَالَةِ . فَإِذا رَأَيْتُمْ اخْتِلَافًا فَعَلَيْكُمْ بِالسَّوَادِ الْأعْظَمِ

Шынында менің үмметім адасушылықта бірікпейді, егер келіспеушілікті көрсеңдер көпшілікпен бірге болыңдар, деген.[1]

Бұл ғалым турасында әртүрлі пікірдің орын алуы ол ғалым жайында мәліметтің толық болмауында, өйткені кейбір кітаптарында әһлу сүнна ақидасына жат «тәжсим»[2]мәселесін анық әшкере қылса, кейбір кітаптарында бұл мәселені жасырған. Бұл өзінің дәріс алған немесе сабақ берген ортасына байланысты. Кей жерлерде оның ұстанымдарына тойтарыс беретін ғалымдардың көптігінен өзінің ойын әшкере қылмаған. Өйткені оның бес жүзге тарта еңбектері халық арасында тараған. Ол еңбектерінің барлығында керағар пікірлер жазылмаған. Бұл ғалым жайында  зерттеп, оған жауап берген жүзге тарта ғалымдар болған. Дегенмен Ибн Таймияның заманында оның еңбектерін саралап, толыққанды жауап берген   ғалымдар көп. Соның ішінде Тақиюддин Әли ибн Абдул-Кафи әс-Субки. Ол «әд-Дурра әл-мудыйя фи-р-радд әлә Ибн Таймия» кітабында Ибн Таймияға ерекше тоқталып, оның ұстанымдарына тойтарыс берген және сол замандағы ғалымдардың Ибн Таймия жайында пікірлерін келтірген. Ал біздің заманымызда сол ғалымдардың пікірлерін жинақтап, Ибн Таймияның еңбектерін саралап, ақидадағы өрескел қателерін тауып, құнды еңбек жазған ғалым Сағид Абдуллатиф Фуда. Ол өзінің «Әл-Каашиф ас-Сағир ан ақааид ибн Таймия» кітабында бұл тұлға жайында оның ұстанған бағытының әһлу сунна уәл жамағадан алыс екендігіне толыққанды мәлімет берген.

Атақты ғалым Тақиюддин Әли ибн Абдул-Кафи әс-Субки[3] (683-756 һ /1284-1355 м) өзінің «әд-Дурра әл-мудыйя фи-р-радд әлә Ибн Таймия» кітабында Ибн Таймия жайында:

أما بعد ، فأنه لمّا أحدث ابن تيمية ما أحدث في أصول العقائد ، ونقض من دعائم الإسلام الأركان والمعاقد ، بعد أن كان مستترا بتبعية الكتاب والسُّنّة ، مظهرا أنه داعٍ إلى الحقّ هادٍ إلى الجنّة ، فخرج عن الاتّباع إلى الابتداع ، وشذّ عن جماعة المسلمين بمخالفة الإجماع ، وقال بما يقتضي الجسميّة والتركيب في الذات المقدّس ، وأن الافتقار إلى الجزء - أي افتقار الله إلى الجزء - ليس بمحال ، وقال بحلول الحوادث بذات الله تعالى ،

Шынында Ибн Таймия өзін жұртшылық алдында Құран және сүннетпен жүретінін өзінің тура жолға шақыратынын, жәннатқа үгіттейтін тұлға  ретінде көрсеткеннен кейін, ақида саласында (дін негіздері) жалпыға белгілі негіздерге жаңалық енгізді. Жалпының ұстанатын Құран, сүннет бағытынан бидғат жолға ауысты. Жамағаттан бөлініп, ижмағқа[4]қарсы шықты. Ол Алланың денеден тұратыны Өзінің бөлшектеріне мұқтаждығы туатыны турасында, уақыт өте өзгеріске ұшырайтыны жайында мәлімдеді.[5]

Хафиз Ибн Раджаб әл-Ханбали (736-795 h/1335-1393 м) :

وطوائف من أئمة أهل الْحَدِيث ، وحفاظهم وفقائهم كَانُوا يحبون الشيخ ويعظمونه ، وَلَمْ يكونوا يحبون لَهُ التوغل مَعَ أهل الْكَلام ، ولا الفلاسفة ، كَمَا هُوَ طريق أئمة أهل الْحَدِيث المتقدمين ، كالشَّافِعِي ، وَأَحْمَد ، وإسحاق ، وأبي عبيد ، ونحوهم. وَكَذَلِكَ كثير من الْعُلَمَاء من الْفُقَهَاء ، والمحدثين ، والصالحين كرهوا لَهُ التفرد ببعض شذوذ المسائل الَّتِي أنكرها السلف عَلَى من شذ بِهَا ، حَتَّى إِن بَعْض قضاة العدل من أَصْحَابنا منعه من الإفتاء ببعض ذَلِكَ.

Хадис ілімі бір топ фиқһ ғалымдары шейхты (Ибн Таймия) құрметтейтін және жақсы көретін. Бірақ олар оның пәлсәпа, кәләм[6]ғалымдарымен тартысқанын жақсы көрмейтін, өйткені бұл бұрынғы ғалымдар хадис ғалымдарының, әш-Шәфиғи, Ахмад, Исхақ, Әбу Убайд сияқты ғалымдардың жолы еді.

Сол сияқты көптеген фиқһ, хадис  ғалымдары салихалы топтар кейбір мәселелерде жеке дараланғанын жек көретін, бұл сәләфтардың да жолына керағар әрекет. Кейбір (ханбали мазһабындағы) әділ қазылар оған кейбір мәселелерде пәтуа беруін тыйым салатын.[7]

Атақты ғалым Зайнуддин әл-Ирақидың баласы Абу Зурра Уәлиюддин әл-Ирақи (762-826 һ/1361-1423 м):

أما الشيخ تقي الدين ابن تيمية فهو إمام واسع العلم كثير الفضائل والمحاسن زاهد في الدنيا راغب في الآخرة على طريقة السلف الصالح ، لكنه كما قيل فيه : " علمه أكثر من عقله " فأداه اجتهاد إلى خرج الإجماع في مسائل كثيرة ، قيل أنها تبلغ ستين مسألة وما أبشع مسألتي ابن تيمية في الطلاق والزيارة وقد رد عليه فيهما الشيخ الإمام تقي الدين السبكي وأفرد رحمه الله تعالى ذلك التصنيف فأجاد وأحسن

Тақиюддин ибн Таймияға келетін болсақ, білімі терең, көптеген жақсы қасиеттері бар өмірде зухд[8]жолын ұстанатын, ақыретке көбірек мән беретін сәләфтардың жолын ұстанатын имам. Ол жайында «ілімі ақылынан кең» деп айтылады. Оның ижтиһады көп мәселеде сол уақытта ижмағқа (ғалымдардың бір мәміледе келісуі) қайшы келді. Қарама-қайшы үкімдердің саны шамамен алпысқа жеткен. Ибн Таймияның халықтың наразылығын тудырған екі мәселе ол талақ пен пайғамбар (с.а.у) қабірін зиярат  ету. Бұл мәселеде шейх имам Такъиюддин ас-Субки  (Алла одан разы болсын) арнайы кітап жазып толыққанды жауап берді.[9]

Шейхул Ислам, хафиз Ибн Хаджар әл-Аскаляни (773-852 һ/1372-1449 м) «Фатхуль Бари фи шарх Сахих әл-Бухари» кітабында Мекке және Мәдина мешіттерінде намаз оқудың артықшылығы бөлімінде:

قلت : يشير إلى ما رد به الشيخ تقي الدين السبكي وغيره على الشيخ تقي الدين ابن تيمية ، وما انتصر به الحافظ شمس الدين بن عبد الهادي وغيره لابن تيمية ، وهي مشهورة في بلادنا ، والحاصل أنهم ألزموا ابن تيمية بتحريم شد الرحل إلى زيارة قبر سيدنا رسول الله صلى الله عليه وسلم ، وأنكرنا صورة ذلك ، وفي شرح ذلك من الطرفين طول ، وهي من أبشع المسائل المنقولة عن ابن تيمية ،

Мен (әл-Асқалани) айттым: шейх Тақиюддин әс-Субки және басқа да ғалымдар шейх Тақиюддин ибн Таймияға (оны Хафиз Шамсуддин ибн Абдуль-Хади және басқалар қолдаған болатын) тойтарыс берді.  Бұл біздің елде белгілі нәрсе. Қысқаша айтқанда олар (Ибн Таимия) пайғамбарымыз (с.а.у) қабіріне зиярат жасауды, оған сапар шегуге тыйым салған болатын. Біз бұл әрекеттің түріне қарсымыз. Бұл Ибн Таймия тарапынан көтерілген ең өрескел мәселелердің бірі.[10]

Ибн Хажар әл-Хайтами (909-974һ/1504-1567 м) «әл-Фатауа әл-Хадисия» кітабында ибн Таймия жайында:

ابن تيمية عبد خذله الله وأضلَّه وأعماه وأصمه وأذلَّه، وبذلك صرح الأئمة الذين بينوا فساد أحواله وكذب أقواله،

Ибн Таймия Алланың адасуға душар болған соқыр, саңырау болып, алыстатылған құлы. Ол жайында сол уақытта имамдар оның адасқанын, сөздерінің жалғандығын ашық айтқан.[11]

Атақты ғалым  Қади Юсуф ан-Набхани (1265-1350 һ/ 1849-1932 м) «Шауахидул Хақ» кітабында Ибн Таимия жайында:

فقد ثبت وتحقّق وظهر ظهور الشمس في رابعة النهار أنّ علماء المذاهب الأربعة قد اتّفقوا على ردّ بدع ابن تيمية، ومنهم من طعنوا بصحة نقله، كما طعنوا بكمال عقله، فضلا عن شدة تشنيعهم عليه في خطئه الفاحش في تلك المسائل الّتي شذّ بها في الدين، وخالف بها إجماع المسلمين، ولا سيما فيما يتعلّق بسيّد المرسلين صلَّى الله عليه وآله وسلم

Төрт мазһаб ғалымдарының бірауыздан Ибн Таймияның бұл діндегі жаңалықтарынa  үзілді –кесілді қарсы болған. Олардың ішінде (төрт мазһаб ғалымдары) оның жеткізген хабарларының растығына қарсы болған, кейбіреулер оның ақыл кемелдігіне күмәнмен қараған. Ол тарапына айтылған қарсы пікірлерді тағы қосуға болады. Осы көптеген мәселелерде өзіне шейін ешкім ұстанбаған  жолды ұстанып, мұсылмандардың ижмағына қарсы тұрды. Бұл оның негізгі қателіктері болды. Әсіресе бұл пайғамбарымызға (с.а.у) қатысты мәселелер.[12]

Имам Мухаммад Захид әл-Каусари әл-Ханафи (1296-1371 һ/1879-1952 м):

يوجد من يذكره - يعني ابن تيمية - بلقب شيخ الإسلام - وللمبتدعة افتتان بهذا التلقيب لزعمائهم - إيهاماً للضعفاء في العلم أن ما يدعو إليه هذا الزائغ هو الإسلام الصحيح ، ويُخاف على من يستمر على تلقيبه به بعد أن عرف مخالفاته لشرع الإسلام ، ومن ذكره بهذا اللقب من أهل السنة إنما ذكره قبل أن يجاهر ذلك المبتدع ببدعه المعروفة ، وأما من استمر على هذا التلقيب من المتأخرين فإنما استمر جهلاً ببدعه التي نقلناها من أوثق المصادر أو ظناً من أنه تاب وأناب وحافظ على عهوده

Адамдардың арасында оны (Ибн Таймия) «Шейхул Ислам» деп атайтындар бар. Бұндағы мақсат әлсіздердің арасында оны ұлы тұлға ретінде көрсету. Оның ұстанымдарын олардың арасында жаю, оны шынайы ислам етіп таныстыру.  Оның ислам шариғатына жасаған керағар әрекеттері әшкере болса да бұл атаудың тоқтамауы алаңдатушылық туғызады. Оны «Шейхул Ислам» деп атаған кейбір тұлғалар бұл атауды оның бидғат амалды бастамай тұрғанда атаған.

Ал оны «Шейхул Ислам» деп атайтын кейбір бертінгі ғалымдар оның бұл әрекетінен бейхабар немесе ол бұрынғы әрекеттеріне қайтпасқа уәде беру арқылы тәубе қылды деп пайымдаған.[13]

Қазіргі уахабшылардың ұстанатын ақидасы осы ғалымға келіп тіреледі. Олардың өрескел қателіктері құран аяттарындағы муташабиһ аяттарды тікелей түсіну, соның нәтижесінде Аллаға жаратылғандарға тән сипаттар таңу Оған дене, пішін беру – бұл әлбетте адасушылық. 

 

 

«Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы

Әділбеков Хамзат   


[1] Ибн Маджа хадистер жинағы

[2] Алла тағаланы денелелік сипаттардан тұрады деп сену. Мысалы: Алланың қолы бар, екі көзі бар деп илану

[3] Тақиюддин Әли ибн Абдул-Кафи әс-Субки заманының атақты ғалымдарынан болған. Сол уақыттағы ғалымдар оған «шейхул Ислам», «қазылардың қазысы» деген атау берген. Өз заманында хадис, фиқһ, мантық, тафсир, тіл білімін игерген. Ол жайында оның еңбектерін жоғары бағалап, мақтау айтқан.

Жәләлуддин әс-Суюты: Имамның заманында тафсир, хадис, фиқһ, дін негіздерінде ол адам секілді мұжтаһид ғалым болмаған.

Имам Заһаби: Қазы, имам, ғалым, фиһқ, хадис маманы, ғалымдардың ең абыройы , деп сипаттаған.

Салахуддин әл-Ғалаи: Адамдар бұл ғалым жайында Имам Ғазалиден кейін екінші адам дейді, ал меніңше ол атақты Суфиян Саури секілдес, деген.

[4] Ижма ұғым ретінде Пайғамбардың (с.а.у) үмбетінен болған мужтахидтердің Пайғамбар (с.а.у) қайтыс болғаннан кейінгі қандай да бір дәуірле шариғи бір мәселеге үкім шығаруда ортақ пікірді ұстануы» деген түсінікті береді.

[5] Тақиюддин Әли ибн Абдул-Кафи әс-Субкидің  «әд-Дурра әл-мудыйя фи-р-радд әлә Ибн Таймия» кітабы

[6] Ақида саласындағы ғалымдар

[7] Зайл табакат әл-Ханабиля», 4/505

[8] Аскетизм

[9] Әл-Аджвибатул Марзия әнил Әсилятиль Маккия», 91-99- бет; Мактабату Тауиятиль Исламийя

[10] Ибн Хаджар аль-Аскаляни, «Фатхуль Бари фи шарх Сахих әл-Бухари», 3-том . 53бет 

[11] Ибн Хаджар, «әл-Фатава әл-Хадисийя»

[12] «Шауахидуль Хақ», 191-бет 

[13] «ас-Сайфу ас-сакыль фи ррадди әлә  Ибн Зуфейль», 89-бет

425 рет оқылды