Ел іші
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Ардақты ағайын, құрметті отандастар! 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын!

Бұл мереке – батырлық пен қайсарлықтың, табандылық пен қайраттылықтың, Отанға деген шексіз мейірім-махаббаттың нышаны. Отан қорғау ісі қай кезде де әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы әрі перзенттік парызы болып қала бермек. Ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде елдің тыныштығын сақтап, Отанның шекарасын қырағылықпен күзеткен жанның дүние-ақыретінің қайырлы болатыны айқын айтылады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының әскерлері қатарында қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер-интернационалистерді, Отан қорғауға әркез даяр азаматтарымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Алла Тағала еліміздің сыртын жаудан, ішін даудан сақтап, тәуелсіздігімізді тұрақты, болашағымызды баянды қылғай!

Құрметпен,

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы

208 рет оқылды