Ел іші
2018 жылдан бастап Қазақстанда жетімдер үйі болмайды

2018 жылдан бастап Қазақстанда жетімдер үйі болмайды

2018 жылдан бастап Қазақстандағы барлық жетімдер үйі қиын жағдайда қалған отбасылар мен балаларды қолдау орталықтарына айналады, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Орталықтар ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар келешек отбасын тапқанға дейін паналайтын уақытша орын ретінде қарастырылмақ.

"Отбасыларды қолдау орталықтарында балалар жанұяға қайта оралғанға дейін болады. Онда балалар үйінің тәрбиеленушілері болмайды. Балалар тек белгілі бір уақытқа, олардың құжаттары рәсімделіп біткенше, асырап алушылар құжаттарын реттеп жатқанға дейін қалады", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынов балалар үйлерін трансформациялауға арналған жиында.

"Орталықтар арқылы бала асырап алуға құлықты ата-аналармен псиxологиялық дайындық сабақтары, сонымен қатар жетім балаларды қазақстандық отбасыларға орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Бізде баланы қайтадан балалар үйіне тапсыру оқиғалары жиі кездеседі. Бұның барлығы псиxологиялық дайындықтың жоқтығынан", - деп атап өтті ол.  Комитет мәліметтері бойынша, баланы қайта тапсыру оқиғаларының үлесі 16 пайызды құрайды. Жалпы балалар үйлеріндегі жеткіншектер саны жыл сайын 1 мыңға азайып келеді. Жаңа отбасын тауып жатқан балалардың саны артуда. Былтыр Астана мен Алматы қалаларында сынақ ретінде ашылған Отбасын қолдау орталықтары өз нәтижесін бере бастаған.

"Қазір енді осы орталықтарды өзге де балалар үйлерінде ашуды көздеп отырмыз. Біз оның заңнамалық жағын реттеу бойынша жұмысты бастадық. Келесі жылдан бастап бұл тәжірибені республика бойынша енгіземіз. Осындай орталықтар ашылса, Қазақстанда жетімдер үйі болмайды", - деді Е.Ерсайынов. 

 

 

Дереккөз: inform.kz

526 рет оқылды