Ел іші
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақша күрестен IVреспубликалық турнирге Астана қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақша күрестен IVреспубликалық турнирге Астана қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, «Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесіне» мешіт жамағаттары арасында Қазақ күресінен түйе палуандар арасында өтетін республикалық IV турнирге» Астана қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді.

Жалпы сайыс 2014-2017 жылдарға арналған денешынықтыру мен салауатты өмір салтын қалыптастырып, Үкіметтің бұқаралық спортқа қатысты бағдарламасына атсалысу мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар, Елбасының «Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру мен спортпен айналысатын қазақстандықтардың қатарын 30 пайызға жеткізу» тапсырмасын жүзеге асыруды көздейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 2014-2018 жылдарды «Дін мен дәстүр», биылғы жылды «Дін мен тарих тағылымы» жылы деп жариялауына байланысты бұқара халық арасында Қазақ күресін кеңінен насихаттауға атсалысу әрі мешіт жамағаты ішінен іріктелген жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін және өзара мұсылмандық бауырмалығын арттыру үшін өткізіледі.

Бас мүфтидің жүлдесіне Астана қаласы бойынша іріктеу сайысы 26-шы сәуір күні сағат 11:00 мен 14:00 аралығында Қазақстан спорт кешенінің "ДЗЮДО" залында өтеді.

Турнирге қатысуға қойылатын талаптар мен шарттар төмендегідей:

  1. 1. 18 жасқа толған ер адамдар жіберіледі.
  2. 2. Салмағы 74 кг-нан жоғары болуы тиіс.
  3. 3. Әр балуанның өзімен бірге төлқұжаты және (турнирге қатысуға денсаулығы жарамды екенін растайтын) дәрігерлік анықтамасы болуы керек.
  4. 4. Кәсіпқой спортшылар турнирге жіберілмейді. Жарысқа тек әуесқой спортшылар ғана қатыса алады. (Әлем, Азия, Еуропа, Қазақстан чемпиондары жарысқа жіберілмейді)

 

  1. «ummet.kz»ақпарат
304 рет оқылды