Ел іші
ҚМДБ қолдауымен «Өнер қырандары» театры 15 қалада рухани кеш ұйымдастырады (ФОТО)

ҚМДБ қолдауымен «Өнер қырандары» театры 15 қалада рухани кеш ұйымдастырады (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ-ның бастамасымен «Өнер қырандары» театры «Берекелі мереке 3» атты рухани-патриоттық жоба ұйымдастырады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен пресс-конференцияда театр жетекшісі Мадияр Серікбаев мәлімдеді.

«Берекелі мереке» рухани кешінің мақсаты жайлы айта келіп: «Біз театрландырылған көріністер арқылы дініміздің асыл құндылықтарын, еліміздің игі дәстүрлерін насихаттап, жасөспірімдерді отансүйгіштікке, бауырмалдыққа тәрбиелеуді мақсат етеміз» деді директор М.Серікбаев.

Шараға ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімі басшысының орынбасары Сансызбай Құрбанұлы қатысты.

«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолдауымен рамазан айының құрметіне орай «Өнер қырандары» театрының «Берекелі мереке 3»  атты рухани концерті 15 қалада өтеді. Жат ағымдармен күресудің бір жолы мәдениет ошақтарында ұйымдастырылатын рухани қойылымдар екені белгілі. Рухани кеште рамазанға дайындық, дініміздің құндылықтары т.б түрлі тақырыптар өзек болады», – деді Сансызбай Құрбанұлы.

Рухани қойылымдардың қорытындысы ретінде «Өнер қырандары» театрының концерті Алматы қаласында мамырдың 21-де өтеді.

Muftyat.kz

155 рет оқылды