Ел іші
Екі дүние сардар Пайғамбарының (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаттары (ФОТО)

Екі дүние сардар Пайғамбарының (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаттары (ФОТО)

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаттары осы уақытқа дейін бүтіндей сол бәз қалпында сақталып жеткен. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Араб түбегінен тысқары жердегі билеушілерге бірнеше рет хаттар жібергені белгілі.

Ahat2

Хижраның 6 жылы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әл-Мукавкис әміршісіне жолдатқан хатында оны исламға шақырып, егер ол исламды қабылдаса, Алла Тағала оған беретін сыйын арттыратындығын жазған. Сондай-ақ, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хатында Құранның сүресін келтірген екен: «Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ, Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық», - деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шәксіз біз Мұсылман болдық» деңдер» (3:64).

Ahat3

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаттарын Эфиопия императоры Ашама ибн Абджарға, Византия императоры - Гераклиуске, Парсы елінің әміршісі - Хосровке, Бахрейн әміршісі - Мунзир ибн Саваға, Йемен әміршісі - Химьяр Хариске және Шам әміршісі Харис Гассаниге де жолдаған екен.

Ahat4

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаттары әміршілерді исламға үндеу сарынында болған.

Ahat5

Кейбір риуаяттарға сай, Парсы елінің әміршісі — Хосров, Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келген хатты жыртып тастаған екен. Осыдан кейін оның империясы қатты әлсіреп, ал өзі қайтыс болған.

Ahat6

Бұл хаттардың бірнешеуі Стамбулдағы мұражайда сақталуда. Ал хаттардың түпнұсқасы Сауд Арабиясының Мәдина қаласындағы мұражайында сақталған.

Ahat7

Әр хатқа Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) аты жазылған мөрі басылған.

Ahat8

Muftyat.kz

66 рет оқылды