Ел іші
Канадалық мұсылман тегін тамақ ұсынады

Канадалық мұсылман тегін тамақ ұсынады

Канаданың Монреаль қаласындағы мейрамхана иесі Яхья Хашеми өз мекемесінде үйсіз адамдарды күн сайын тегін тамақтандырады.

Бұл мейрамхананың кіреберіс есігінде ағылшын және француз тілінде осы жерде кез келген үйсіз және мұқтаж адам тегін тамақтана алатыны туралы жазылған тақтайша ілінген. Мекеме қожайыны Яхья Хашеми игілікті істің жалғасып келе жатқанына жарты жыл толғанын жеткізді.

«Ашқұрсақ жанды тамақтандыру – менің мұсылман ретіндегі міндетім. Ақшасы жоқ екенін айтқан адамның сыртқы түр-әлпетіне біз қарамаймыз. Кез келген қалаған уақытында келіп тамақтануына болады» дейді Хашеми.

Мұсылман кәсіпкерінің бұл бастамасы БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Ал мейрамхананың мұндай қайырымдылық қызметін жасағанын естіп-білген азаматтар оның иесіне келіп садақа беріп, қолдау білдіреді екен.

ummet.kz-ақпарат

350 рет оқылды