Ел іші
Малайзияда Халықаралық Құран байқауы басталды

Малайзияда Халықаралық Құран байқауы басталды

Кеше Малайзияның астанасы Куала-Лумпурде 59-шы  Халықаралық Құран оқу байқауы басталды.

Аталмыш байқау мұсылман әлемінде ең беделді байқау болып саналады. Шара 50 жылдан артық уақыт бойы жалғасын тауып келеді әрі оның қатысушылары әлемнің түкпір-түкпірінен жиналатын қасиетті Құран Кәрімнің мықты білгірлері болып табылады.

Олар Құранды жатқа айту (хифз) және парақты көркем оқу сынды екі номинация бойынша бақтарын сынасады.

Құран хафиздерінің халықаралық байқауларға қатысқан тәжірибелері бар.

Барлық конкурсқа қатысушылар үшін арнайы мәдени бағдарлама дайындалған, сондай-ақ, Малайзияның көрікті жерлеріне экскурсия жасату да қолға алынған. Байқау 20 мамырға дейін жалғасады.

Muftyat.kz

21 рет оқылды