Ел іші
Шегесіз тұрғызылған мешіт

Шегесіз тұрғызылған мешіт

Боснияның Бужим қаласында екі жүз жылдан бері ешбір шегесіз тұрғызылған көне мешіт бар.

XIX ғасырдың басында аталмыш мешіт бой көтерген тұста Босния Осман империясының құрамында болды. Мұрағат құжаттарында Осман губернаторының мешіт құрылысына рұқсат бергені жазылған. Ерекше мешіттің көлемі 300 шаршы метрді құрайды. Онда бір уақытта 1 мың адам намаз оқи алады. «Көктем маусымында қатты жел тұрған кезде қабырғалар сықырлайды, ал ғимараттың өзінде аздаған тербеліс байқалады» дейді мешіт имамы Эмин Гросиц.

2003 жылы мешіт ғимараты қорғауға алынған архитектуралық ескерткіш нысандар тізімен енді.

ummet.kz-ақпарат

151 рет оқылды