Ел іші
Стамбул миллион қызғалдаққа бөленеді

Стамбул миллион қызғалдаққа бөленеді

Түркияның Стамбул қаласында 18-30 сәуір аралығында Қызғалдақ фестивалі (Istanbul Lale Festivali) өтеді.

Айта кетсек, бүкіләлемдік гүл фестивалі Түркияға мыңдаған туристерді тартады. Стамбул қаласы мэрі ұйымдастырған XXII Қызғалдақ фестивалі аясында гүлдер қаланың әр ауданында өсіріледі. Оларды барлық жерде – саябақтардан бастап қала көшелері мен үй аулаларында кездестіруге болады.

Осылайша Стамбулда 200 сортты 10 миллионнан аса қызғалдақ өсірілмек.

Фестивальдің ашылу салтанаты 18 сәуірде өтеді. Фестивальдің басты шаралары қызғалдақтың сан түрі таныстырылатын Эмирган бағында ұйымдастырылмақ.

Түркияның ең үздік ландшафт дизайнерлері Стамбул тұрғындары мен қонақтарын қызғалдақтың әр түрінен құралған айрықша композицияларымен таң қалдырмақ.

Қызғалдақ фестивалі алғаш рет Стамбул қаласында 2005 жылы өткізілді. Биылғы фестиваль «Стамбул қызғалдақпен қауышады» атауымен қолға алынған.

 ummet.kz-ақпарат

63 рет оқылды