Ел іші
Тәжірибе: Пайғамбар ұнатқан жануар – адамның ең жақын досы

Тәжірибе: Пайғамбар ұнатқан жануар – адамның ең жақын досы

Мысықтар – адамға берілген, сүйікті үй жануары. Американың Орегон штаты университетінің ғалымдары осы деректі дәлелдеді.

Тәжірибе барысында мысық пен ит кезегімен бір бөлмеде ешқандай ас-тамақсыз, ойыншықсыз және ешбір адамсыз жалғыз қалдырылады. Соңынан бөлмеге кезегімен тамақ, ойыншық әкелінеді және бір адам кіргізіледі.

Тәжірибе ерекше жағдайды көрсетті – әрбір екінші мысық тамақ пен ойыншықтан бұрын адамға жақындаған. Лайф ақпарат көзінің хабарлауынша, иттер де тест барысында осы секілді нәтиже көрсеткен.

Көпке мәлім, мысық Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сүйікті жануары болған. Жануарлардың ішінде дәл осы мысықтарға ғана мешітке кіруге рұқсат етіледі.

ummet.kz-ақпарат

159 рет оқылды