Ел іші
Ас әзірлеу бойынша шеберлік сабағы өтті (ФОТО)

Ас әзірлеу бойынша шеберлік сабағы өтті (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі бөлімі Әйелдер-қыздар секторының «Нұр Астана» орталық мешітіндегі «Жібек» қыз-келіншектер клубы әр түрлі ұлттық тағамдар әзірлеу бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Шара барысында ас әзірлеуде ескеретін талап-шарттарды «Жібек» клубының мүшесі, аспазшы Гулий Анапьяева таныстырып, қыз балаларға тәжірибелік сабақ көрсетті.

Шеберлік сабағы мешіттен тәлім-тәрбие алып жүрген қазақ қыздарына ұлттық тағам түрлерін үйретуде алғашқы игі бастама болып отыр. «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиева білікті аспаздың сабағы қыз балалардың ұлттық әрі өзге де халықтар тағамын дайындаудағы шеберлігі мен тәжірибесін арттыра түсетінін жеткізді.

IMG 1653

IMG 1666

IMG 1669

IMG 9697

IMG 9713

IMG 9714

IMG 9725

IMG 9740

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

198 рет оқылды