Ел іші
«Астана асары»: Шахан жұртына жұмыла көмек көрсетейік!

«Астана асары»: Шахан жұртына жұмыла көмек көрсетейік!

«Астана асары»

қайырымдылық шарасы

 «Қайсы бір мұсылман өзінің бауырына көмек қолын созса, Алла Тағала оған да көмектеседі»

(Хадис Шәріп)

Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!

 

Сіздерді Қарағанды обылысы, Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентінде көпқабатты үйдің қабырғасы сөгіліп, апатқа ұшырауына байланысты зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету шарасына қатысуға шақырамыз!

«Нұр Астана» орталық мешітінің ұйытқты болуымен астаналық мұсылман жамағаты елімізде тосыннан орын алатын табиғи апаттардан қиын жағдайға тап болған отандастарымызға әрдайым қолдау білдіріп келеді. Өткен жылдары Солтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды облысында болған су тасқыны кезінде мал-жанынан, дүние-мүлкінен айырылып, шарасыз күйде қалған тұрғындарға елордалықтар жұмыла көмек көрсетіп, жүк көліктеріне тиелген гуманитарлық көмек жеткізген болатын.

Шахан кентіндегі қайғылы жағдайдың да ел азаматтарына үлкен жауапкершілік жүктейтіні ескере келе, барша халықты сауапты да жауапты істі бірігіп атқаруға шақырамыз. Жұрт болып жұмылып, ел болып бірігіп, аза тұтқан ағайынға демеу болайық.

 

Көмек ретінде қабылданатын заттар:

ü Азық-түлік (бұзылмайтын түрлері);

ü Киім-кешек. Ескерту: киімдердің жаңа әрі таза болуы сұралады (қыстық етік, жылы киімдер, жемпір, кальсондар, жылы шұлықтар, т.б.);

ü Көрпе-жастық (таза, жаңа);

ü Қаржылай көмек. 

 

Көмектер Астана қаласы мешіттеріндегі қабылдау пунктерінде жиналады.

 

Алла Тағала сауаптан жазсын!

526 рет оқылды