Ел іші
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
 
  1. Жалпы ережелер

1.1. Астана қаласы мешіттерінің Әдістемелік кеңесі (Ары қарай – Кеңес) – бұл ҚМДБ-ның негізгі приоритеттік бағыты болып табылатын деструктивті ағымдармен жұмыс жүргізу саласындағы жергілікті ақпараттық-насихат жұмысындағы тиімді тәсілді қалыптастыруға жағдай жасайтын, ақпараттық-насихат үдерісіне әдістемелік қолдау болатын қалалық алқалы орган болып табылады.

1.2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, ҚМДБ-ның Жарғысы негізде және 2015 жылдың 19 ақпанында ҚМДБ имамдарының «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты І форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы» атты құжаттары  аясында іске асырады.

1.3. Кеңес Жергілікті ақпараттық-насихат тобының (Ары қарай – ЖАНТ) мүшелерінің, тәжірибелі теолог-имамдардың консилиумы болып табылады. Ақпараттық-насихат үдерісінің аса маңызды блоктарына әдістемелік құзіретті ықпал етеді, оның дамуына талдау жасайды, осы негізде уағыз-насихат әдістемесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлейді, стратегиялар қалыптастырады.

1.4. Кеңес ақпараттық-насихат жұмыстарының дамуына жағдай жасайды және бұл бастаманы одан ары таратуды жүзеге асырады.

1.5. Бұл Ереже ҚМДБ-ның Өкілдігі бекітетін қалалық жергілікті акт болып табылады. 

  1. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері

2.1. Басымдыққа ие ақпараттық-насихат жұмысындағы проблемаларды анықтау және тұжырымдау, оларды ойдағыдай шешу үшін бүкіл ЖАНТ ұжымның интеллектуалдық, теологиялық, шығармашылық күш-жігерін жұмылдыруға жағдай жасау.

2.2.Теолог-имамдардың теологиялық бастамасын көрсетуі үшін қолайлы жағдай жасау.

2.3. Теологтың кәсіптік-теологиялық дайындығын жетілдіруге жағдай жасау:

а) ғылыми-теориялық;

ә) әдістемелік;

б) ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын;

в) теологиялық шеберлік тәсілдерін.

2.4. ЖАНТ жұмысын жетілдіруге ұсынылған теологиялық инновацияларға сараптамалық баға беруді, оларды іске асыру кезінде қажетті әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру.

2.5. ҚМДБ-ның жылдық Төралқа Мәжілісіне қарау үшін ұсыныстар дайындауға белсене қатысу.

2.6. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету.

  1. Әдістемелік кеңестің жұмысын ұйымдастыру

3.1. Әдістемелік кеңес өз жұмысын демократия, жариялылық, кеңестің барлық мүшелерінің мүдделері мен пікірлерін құрметтеу мен есепке алу ұстанымдарына сай құрылады.

3.2. Кеңес құрамына қала мешіттерінің Бас имамдары, ЖАНТ мүшелері кіреді. Кеңес құрамы Өкіл имам бұйрығымен бекітіледі. Кеңес мүшелері әр жылда бекітіліп отырады.

3.3. Әдістемелік кеңестің отырысы қажеттілік шамасына қарай айына кемінде 1 мәрте өткізіледі.

3.4. Кеңес жұмысы Кеңес отырысында қабылданған және Өкіл имам бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

3.5. Кеңес отырыстарын Өкіл имам немесе Кеңес хатшысы жүргізеді.

3.6. Кеңестің жұмысына психологтарда, теологтардан, заңгерлерден құралған сарапшылар тобы қатысатын болады.

3.7. Әдістемелік кеңестің отырысында қаралған мәселенің нәтижесі хаттамамен рәсімделеді.

3.8. Кеңестің әр мүшесі кеңестің барлық отырысына қатысуға, оның жұмысына белсенді атсалысуға, жүктелген тапсырмаларды уақтылы және нақты орындауға тиісті.

  1. Әдістемелік кеңестің секциялары

4.1. Әдістемелік кеңес қажеттілігіне сай мынандай секцияларға бөлінеді:

4.1.1. Қоғаммен байланыс секциясы;

- ЖАНТ жұмыстары.

- "Ұлағат" теологтар тобы.

- Түзеу мекемелері.

4.1.2. Деструктивті ағымдармен жұмыс жүргізу секциясы;

- Жекелеген кездесулер (адресное мероприятие).

- Мешіттердегі дәрістер.

- Қоғамдық-мәдени шаралар ұйымдастыру (спорттық жарыстар, көкке шығу т.б.)

4.1.3. БАҚ-пен жұмыс жүргізу секциясы;

- Қалалық сайттарда имамдар мақаласын жариялау.

- Теле-радиода сұхбат беретін имамдар тобы.

- "Қаламгер" блоггерлер клубы (мониторинг, түсіндіру жұмыстары).

4.1.4. Бұқара халықпен жұмыс жүргізу секциясы;

- Құдай тамақтар, діни рәсімдер.

- Мешітке келіп құран оқыушылар, неке қидырушылар, есім қойдырушылар т.б.