Ел іші
«Нұр Астана» орталық мешіті қасындағы Ақсақалдар кеңесі туралы ЕРЕЖЕ                                 
I   Жалпы ережелер

1.1. «Нұр Астана» орталық мешіті қасындағы Ақсақалдар кеңесі (ары қарай – Кеңес) мешіттің қоғамдық өмірінің, халықпен қарым-қатынасын реттеуге бағытталған, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ары қарай – ҚМДБ) Астана қаласындағы өкілі болған Бас имамға түрлі ұсыныстар әзірлеу және қоғамдық маңызы зор мәселелерді  талқылау мақсатындағы қоғамдық-кеңесші алқа (орган) ретінде құрылады.
1.2. Кеңес өз қызмет ҚМДБ-ның Жарғысына негізде және ҚР Заңдары аясында атқарады.
1.3. Кеңестің құрамына қоғамға танымал азаматтар, қалалық Ардагерлер кеңесінің аса белсенді мүшелері, қаладағы мешіттердің ақсақал жамағаты және білім мен ғылым саласына айрықша еңбек сіңірген тұлғалар кіреді.
1.4. Кеңес жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша өз ұсыныстарын шығарып, оларды шешім қабылдау үшін Бас имамға ұсынады.
1.5. Кеңестің жалпы басшылығын Ақсақалдар кеңесінің төрағасы (ары қарай – Төраға) атқарады, төраға болмаған жағдайда оның орынбасары басқарады.
 
II   Ақсақалдар кеңесінің құзіреті

2.1. Кеңестің:
Қоғамдағы діни мәселелерге байланысты өздерінің еркін пікірлерін ҚМДБ-ның ресурстары («Ислам және өркениет» газеті, сайттар т.б.) арқылы білдіруге;
Қаладағы жастар тәрбиесіне қатысты мешіт имамдарымен бірге кездесулер ұйымдастыруға;
Түрлі қоғамдық жиындарда ҚМДБ-ның қызметі туралы мәліметтер беруге;
ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілдігіне қоғамдық қатынастар саласындағы қызметіне ұсыныстар білдіруге;
Қалалық мешіт имамдарымен бірге қайырымдылық шараларға қатынасуға;
Жамағаттың әлеуметтік-рухани даму мәселелерін талқылауға және қарастыруға, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасына және ҚМДБ-ның Жарғысына, Мешіт Ережесіне қайшы келмейтін басқа да мәселелерді қарастыруға құқы бар.
2.2. Кеңес мүшесінің міндеті:
Кеңес қызметіне белсенді қатысуға;
Бас имамның және Кеңестің мәжілістерде берілген тапсырмаларын орындауға.
2.3. Кеңес мешіттің барлық қызметкерлерімен, басқа қоғамдық ұйымдарымен, қалалық Ардагерлер кеңесімен, кәсіподақ ұйымдарымен, жастар ұйымдарының комитетімен және т.б. қоғамдық институттармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
 
ІІІ  Кеңес қызметінің жұмыс тәртібі

3.1. Кеңестің мәжілісі үш айда бір рет өткізіледі.
3.2. Кеңес мүшелерінің мәжілісіне қатысушылардың көпшілік дауысымен шешім қабылданады.
3.3. Кеңестің шешімі міндетті түрде Бас имамға хабарланады және ол ұсыныстық сипатта болады.
3.4. Жұмыс тобының мәжілісі қажет болған жағдайда немесе Бас имамнан сәйкес тапсырма алынған жағдайда өткізіледі.
3.5. Кеңестің құрылымы:
Төраға – Ақсақалдар Кеңесі мүшелері өз араларынан дауыс беруі арқылы сайлайды;
Орынбасар – Төрағаның ұсынысымен Кеңес мүшелерінің арасынан бір адам Кеңес мүшелерінің дауыс беруі арқылы сайланады;
Хатшы – төраға бекітеді.
 
3.6. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Кеңес қызметінің жоспарын бекітеді;
Кеңес құрамына қабылдау және шығару туралы Бас имамға ұсыныстар жасайды;
Кеңесітің мәжілістерін өткізеді.
 
IV Кеңес туралы ереже қабылдау және оған өзгерістер мен қосымшалар енгізу

4.1. Осы ережені Кеңес құрамына енген барлық мүшелер қарастырады және Ережені Бас имам бекітеді.
4.2. Ережеге мүшелердің ұсынысы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәжілістерде жүзеге асырылады және аталған ұсыныс бойынша дауыс беру және талқылау сол мезетте өткізіледі. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жалпы мүшелер санының екіден бірі «қолдап» дауыс бергенде қабылданды деп есептеледі. 
 
V Кеңес қызметінің тоқтатылуы

5.1. Кеңес қызметі оның мүшелерінің жалпы санының екіден үш бөлігі дауыс беріп, сәйкес шешімнің қабылдануымен тоқтатылады.
5.2. Қызметтің тоқтатылуы туралы шешім қабылдау туралы бастаманы Кеңестің кез келген мүшесі көтеруі мүмкін, бірақ ол өз ұсынысының нақты негіздерін көрсетуі тиіс.