24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Үйде майкамен намаз оқыса бола ма?

Намазда жабылуы тиіс жерлерін жауып, үстіне көйлек кимей, ер кісі тек майкамен ғана намазға тұрса, оқыған намазы бұзылмайтыны анық.

«Әт-тахият» пен «салауатты» оқып үлгермей жатып имам сәлем берсе, не істеймін?

Егер «аттахият» дұғасын толық оқып бітірмей жатып имам сәлем беріп жатса, сіз «Әт-тахият» дұғасын толық оқып барып, сәлем беріп аяқтайсыз.

Ата-анамның үйіне барғанда, намазды жолаушы ретінде қысқартып оқимын ба?

Фиқһ ережесі бойынша, кісі өзінің туып-өскен жерінен кетіп, басқа елді мекенге қоныстанса және сол жерде тұрақтауды ұйғарса, оның бұрынғы туып-өскен жері «негізгі отан» (асли отан) мәртебесін жоғалтады.

«Намаз оқыр едім, сөздерін білмеймін ғой»

Бұл сөзіміздің жарасы тіптен жеңіл. «Фатиханы» қосқанда үш сүре және тағы бір-екі дұға біздің парызымызды орындауға жетіп жатыр. Намаз оқитын кез келген мұсылманның бұны қуана-қуана үйретері сөзсіз.