20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Ораза кезінде ауыз бен мұрынды қалай шаю керек?

Аузы берік адам дәретте болсын, ғұсылда болсын ауызды шайқайтын кезде тамақты шаймайды. Сондай-ақ, мұрынға су алғанда да оны шамадан тыс қатты тартпағаны дұрыс[1].

Рамазан айында неке қидыруға, той жасауға бола ма?

Рамазан айында ораза тұту денсаулығы жарайтын, кәмелетке толған, ақыл-есi дұрыс әр мұсылманға парыз болып табылады. Бұл оразаны себепсізден бұзуға болмайды.

Оразада аллергиясы бар адамдар мынаны ескергені жөн

Жалпы аллерголог мамандар аллергияның көптеген түрлері барын айтады. Емделу тәсілдерінің кейбірі оразаны бұзатын табиғи саналатын ауыз, мұрын, тік ішек сынды жолдар. Бұл жолдар арқылы ішке жеткен нәрселер оразаны бұзады.

Мүбәрак 30 күн: Таң намазына дейін кемінде 70 рет истиғфар жасаңыз

«Тақуа жандар: «Уа, Раббымыз! Біз иман келтірдік, күнәларымызды кешіре гөр һәм бізді тозақ азабынан сақтағайсың! » – деп жалбарынады. Олар – сондай сабырлы, иманда шынайы, Аллаға қалтқысыз мойынсұнатын, мал-дүниелерін игі жолда жұмсайтын һәм (түннің біраз бөлігін құлшылықпен өткізгеннен кейін) сәресі уақытында Алладан кешірім тілейтін ізгі жандар». («Әли Имран» сүресі, 16-17-аят)

Дәрет алғанда ауыздағы қалдықты жұтса, ораза бұзыла ма?

Дәрет алғанда ауыз шайған кезде, негізгі суды шығарып түкіріп тастағаннан соң, ауыз қуысында қалған ылғал «сілекей» үкімінде болатындықтан, жұтылған жағдайда оразаға зияны жоқ.