19
Жұма,
Сәуір

һижри

Дәрет алғанда ауыздағы қалдықты жұтса, ораза бұзыла ма?

Дәрет алғанда ауыз шайған кезде, негізгі суды шығарып түкіріп тастағаннан соң, ауыз қуысында қалған ылғал «сілекей» үкімінде болатындықтан, жұтылған жағдайда оразаға зияны жоқ.

Оразаны ортасынан тастап кетсе не болады?

Бастаған оразаңызды соңына шейін ұстау керек. Ауыз бекіткендігіңіздің қадірі сонда болмақ. Ораза ұстау - Жаратушы Иеңіздің Сізге бұйырған бұйрығы. Оны орындамаған адам күнәға батады. Ораза ұстамау – ауыр күнә.