19
Жұма,
Сәуір

һижри

Оразаны ортасынан тастап кетсе не болады?

Бастаған оразаңызды соңына шейін ұстау керек. Ауыз бекіткендігіңіздің қадірі сонда болмақ. Ораза ұстау - Жаратушы Иеңіздің Сізге бұйырған бұйрығы. Оны орындамаған адам күнәға батады. Ораза ұстамау – ауыр күнә.

Оразаның сауабын алу үшін ішіп-жеуден тыйылуы жеткілікті ме?

Ораза тұтқан адамға ораза кезінде де, одан басқа айларда да харам нәрселерден тыйылу керек. Алайда рамазан айларында бұл талап күшейтіледі. Өйткені оразаның дұрыс болуы үшін ауызды ашатын нәрселерден аулақ болу керек болса, оразаның қабыл болуына әрі мол сауапқа кенелуіне харамнан тыйылуы шарт.

Рамазанның әр күніне ниет ету шарт па?

Фиқһ ғалымдарының көпшілігінің көзқарасы бойынша, рамазанның әр күні үшін жеке-жеке ниет ету шарт. Өйткені әр күннің өзі жеке басына бір ғибадат болғандықтан басқа күндердегі ұсталған немесе ұсталатын оразамен байланысы жоқ. Сондықтан бір күнгі ораза бұзылса, ол басқа күндердегі оразаға әсер етпейді.

Басқа адамның атынан ораза ұстауға бола ма?

Жалпы құлшылықтарды үшке бөліп қарастырсақ болады. Тек қана мал-мүлікпен ғана жасалатын құлшылық, дене мүшелерімен ғана жасалатын құлшылық, дене мүшелерімен және мал-мүлікпен жасалатын құлшылық.