24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Хақ Тағаланың назарынан тыс ораза

Ораза

«Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Хақ Тағала жалған айту[1] мен жағымсыздықтан[2] тыйылмаған әрі жағымсыз қылықпен айналысқан[3] пенденің iшпей-жемей жүргенiне назарын салмайды».[4]

Хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари, Имам Әбу Дауд, Имам Тирмизи, Имам Ибн Мажәһ және Имам Ахмад риуаят етті.[5]

 

 



[1] Имам Әл-Хафиз бұл сөзге қатысты: «Жалған айтудан мақсат: өтірік айту»,-десе, Имам Әт-Тоййиби: «Күпірлік сөз бен жалған куәліктен, жала жабу мен ғайбат сөзден, өтірік айту мен лағынеттеуден т.с.с. адам баласы сақтануға тиісті әрі шариғат тыйым салған істерден тыйылмаса»,-деп түсініктеме берген. («Тухфатүл-Ахуази»)

[2] яғни, бойында жағымсыздық сипаты, мысалы жағымсыз әдеті болған. («Сунәну Ибн Мажәһ»)

[3] яғни, жағымсыздық еткен. Негізінде күнәлі істің бәрі жағымсыздыққа жатады. («Сунәну Ибн Мажәһ»)

[4] яғни, қабыл етпейді. («Тухфатүл-Ахуази») Хадистің мақсаты: жалған сөйлеу т.с.с. күнәлі іске барудан сақтандыру. («Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари»)

[5]«Әл-Жәмиъус-Сағир»,«Тухфатүл-Ахуази», «Риядус-Солихин», «Сахихүл-Бухари», «Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари», «Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир», «Таһзибу сунәни Әбу Дауд», «Сунәну Ибн Мажәһ», «Сунәнут-Тирмизи», «Ъаунүл-Маъбуд» шарху «Сунәни Әби Дауд», «Муснадүл-Имами Ахмад», «Субулүс-Саләм», «Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-шафиъи», «Нәйлүл-Аутар» және «Канзүл-Ъүммәл».

Бөлісу: