25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Ашура күнінде жомарттық танытқан адамның жыл бойы ризығы молаяды

Ашура күнінде жомарттық танытқан адамның жыл бойы ризығы молаяды

Ораза

Ашура күні, яғни Мұхаррам айының оныншы күнінде қайыр жасағандарға, бойсұнып, құлшылық етушілерге Алла Тағала ерекше сауап жазады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім, Ашура күнін бала-шағаға жомарттық көрсетсе, Алла Тағала жыл бойы оның ризығын молайтады» - деген.

Озық табиғиндердің бірі Сүфиян Сәури (рaх.) (161 ж. қайтқан): «Біз мұны елу жыл бұлжытқан жоқпыз, рызығымыздың молайғанынан басқа ештеңе көрмедік» - деген. 

Пайғамбарымыз  (с.a.у.) Mәдина Mунаууараға қоныс аударғанда яһудилер Ашура күні ораза ұстайтындарын көріп: «Бұл қандай ораза?» - деп сұрайды.

«Бүгін ерекше күн. Aлланың Исраил ұрпақтарын Перғауыннан құтқарған күні. Mұса (a.с.) (Aлланың бұл мейіріміне шүкір етіп) ораза ұстаған. (Біз де ұстаймыз)» - дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Біз Mұса (пайғамбардың сүннетін орындау)ғa сендерден гөрі лайықтымыз» - деп, сол күні ораза ұстайды, сахабаларға да, ораза ұстауды бұйырады. Осылайша, Ашура оразасы уәжіп болды. Aлайда, Рамазан оразасы парыз болғаннан кейін, Ашура күні ораза ұстау уәжіп болудан қалды.

 Ашура күні биыл (2021 жылы) тамыз айының 19-күніне дөп келеді.

материал «Ислам діні» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: