19
Жұма,
Сәуір

һижри

Зекет берушінің бақыты

Жәннат есігінің алдында төрт кісі тұр екен. Олардан жәннатқа кім бірінші кіруге лайық екенін анықтау керек болыпты.

Қарызға берілген ақшаны зекет ретінде есептеп беруге бола ма?

Ханафи мәзһабы ғұламаларының тұжырымдамасында, қарызға берілген ақшаны уақыт өте келе зекет ретінде есептеу парызды мойыннан түсірмейді.

Пітір садақа кімдерге берілмейді?

Байлар; пітір садақасын беруге міндетті болған кісінің әйелі; әке-шешесі, ата-әжесі және одан жоғарғы тектері; балалары мен немерелері, шөберелері және одан төменгі ұрпақтары; бағып отырған жақын туыстары.

Сауда затынан зекет беріле ме?

Ислам ғұламалары нисаб мөлшеріне толған төрт түлік мал, алтын-күміс (ақша) және егістік өнімдерінен зекет берудің парыз болғаны сияқты айналымдағы сауда тауарларынан да шариғат белгілеген өлшемге толса, зекетін беру парыз екендігіне бір ауыздан келіскен. Алайда Заһирия мәзһабы және Насруддин әл-Албани сияқты кейбір ғалымдардың «Сауда заттарынан зекет берілмейді. Сауда затынан зекет беру туралы ешқандай дәлел жоқ» деген көзқарасын кезіктіреміз.

Зекеті берілетін байлықтың түрлері мен көлемі

«Олардың дүние-мүлкінен садақа (зекет) ал да, сол арқылы оларды күнәларынан тазарт әрі сауаптары мен ықыластарының арта түсуіне дәнекер бол» («Тәубе» сүресі, 103-аят).

Зекет пен садақаның айырмашылығы

Садақа – дүние-мүліктен көп берілсін, аз берілсін «садақа» деп аталады. Яғни, оның белгілі бір мөлшері жоқ. Ал, зекеттің жөні басқа. Зекет шариғаттың белгілеген мөлшерімен белгілі адамдарға ғана беріледі.