20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Наиб мүфти қажылыққа байланысты баспасөз мәслихатын өткізді

Ел іші

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық сапарға байланысты ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткізді деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Наиб мүфти Қазақстан азаматтарын қажылыққа халықаралық FlayNas әуекомпаниясы тасмалдайтынын тілге тиек етіп, Сауд Арабия Корольдігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осындай ортақ мәмілеге келгенін жеткізді. «Енді Қазақстан азаматтары тікелей Мекке маңындағы Жидда қаласына ұшатын болады. Бұл ортақ келісім нәтижесінде қажыларға үлкен жеңілдіктер жасалып отыр», – деді наиб мүфти.

Мұсылмандықтың бес парызының бірі – Меккеге қажылыққа бару сапары биыл 11 қыркүйекте басталады. Бұрын жерлестеріміз Мекке маңындағы Жидда қаласына жету үшін 16 сағатын шығындайтын. Енді екі жақты келісімнің нәтижесінде сапар 6 сағатқа қысқармақ.

Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы:

Биыл Қазақстан қажылары қыркүйек айының 11-інен бастап, 17-іне дейін Жидда мен Мадина қалаларына жеткізіледі. Ал, қыркүйек айының 27-інен бастап, қазан айының 7-іне дейін қажылық рәсімдерін аяқтап Алматы қаласына оралатын болады. Қазақстан азаматтары өз таңдаулары бойынша 17 немесе 21 күн ішінде қажылық парызын өтейді. 

ummet.kz-ақпарат

 
Бөлісу: