Тақия киіп намаз оқудың сауабы артық па?

Сұрақ-Жауап

Тақия киіп жүрудің сауабы қалай болмақ және де намазды тақиямен оқыған артық болады ма?

Ассаламу алейкум!

Жабир (р.а.) риуаят етеді: Алла елшісі (с.ғ.с.) фатх жылы Меккеге кіргенде басында қара сәлдесі болды.

Амр бин Хурайс (р.а.) риуаят етеді: Мен пайғамбардың (с.ғ.с.) мінберде тұрғанын көрдім. Ол кісінің басында қара сәлдесі бар еді, бір жағын екі жауырыны арасына түсіріп қойған болатын (Бес негізгі хадисшілер кітабында келтірілген, Бухаридан басқа).

Әбу Ханифа (р.а.) ешуақытта басынан тақиясын тастамаған кісі болған екен. Оны шәкірті Дауд әт-Тои риуаят етеді.

Намазға тақия киіп тұру ұнамды амал. Біздің ата-бабаларымыз да басынан бөрігі мен тақиясын тастамағаны белгілі.

Бөлісу: