19
Жұма,
Сәуір

һижри

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қабірін қазған кім?

Ардақты Пайғамбарымыз жан тәсілім еткеннен кейін сенімді ізбасарлары сахаба-и кирам (радияллаһу анһ) қабірін кімге қаздырсақ екен деп өзара ақылдасады.

Пайғамбарымызды (с.ғ.с) сүюге біз мұқтажбыз

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уа сәлләм) біздің махаббатымызға ешқандай мұқтаждығы жоқ. Өйткені, Оны Алла Тағала сүйген, бүкіл әлемге рахмет еткен. Бірақ оны сүюге біз мұқтажбыз.

Мәуліт мейрамын атап өтудің дініміздегі үкімі

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде IV-V һижри ғасырлардан басталады. Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан. Қазіргі таңда бұл мерекені бір-екі мемлекеттен тыс барлық ислам әлемі ерекше атап өтеді.

Пайғамбар (с.ғ.с) мен сахабалардың аштықтан қарынға тас байлауы

Әбу Талха (р.а.) айтады: «Бірде аштықтан бұратылып, алдына келіп, жағдайымызды айттық. Тіпті сенбей қоятындай көйлегімізді түріп, қарнымызға не байлап алғанымызды көрсеттік. Сонда Пайғамбарымыз да бізге киімін түріп көрсетті. Өзі бір емес екі тас байлап алған екен».

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) тамақ ішудегі әдептері

Әр істе бізге нұсқау берген Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тамақ ішудеде керемет әдептерді үйретті. Медицина ғалымдары саралай келе сол әдептерге таң қалысып, ислам дінінің ұлықтығына тәнті болуда. Жан мен тән рахатына бөлеген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) нұсқаулары қанша уақыт өтсе де ескірмей, керісінше, жаңа қырынан көрінуде. Енді сол әдептерді санамалап шықсақ:

Пайғамбардың (с.ғ.с) шапағатына бөленген құрма ағашы

Пайғамбарлардың мұғжиза түрінде төтенше оқиғалар көрсетуі, адамзаттағы ғапылдықтың жойылуы бағытында кенеттен әсер беріп, адам баласы өзінің еш құны жоқ, әлсіз екенін түсініп, Жаратушы иесіне бет бұрып, бой ұсынулары және нағыз құл болулары үшін еді.

Пайғамбардың (с,ғ.с) көркем мінезді аруларға айтқан өсиеті

«Ізгілік (жақсылық) — көркем мінезқұлық. Ал жамандық болса, ар-ожданыңды мазасыз еткен, басқа біреулердің білуін қаламаған нәрселер.» (Муслим, бирр 14)