19
Жұма,
Сәуір

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) әзәзіл шайтаннан Аллаға сыйынған дұғалары

Жаратылыстың абзалы болған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірі мен әрбір іс-әрекеттері үмметінің ғұмырлық қыбланамасы, тыныс-тіршілігі болып табылады. Адамзат өзінің қас дұшпаны әзәзіл шайтанның шәрінен Алла Тағалаға сыйыну мәселесінде де пайғамбар (с.а.с) сүннетіне ерекше мән беретіні ақиқат. Осы тұрғыдан пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) әзәзіл шайтанның шәрінен Алла Тағалаға қалай сыйынғандығы жайлы келген хадис шәрифтердің кейбірін бере кетуді де жөн көріп отырмыз.

Алланың көркем есім және сипаттарымен күллі жаратылыстың кесіркесапатынан Аллаға сыйынамын!

Уа, Алла Тағалам, мені күпірліктен және пақырлықтан сақтай гөр! Уа, Алла Тағалам, мені қабір азабынан сақтай гөр! Сенен басқа тәңір жоқ!

Уа, Алла! Дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан және қалтыраған қарттықтан сақтай көр! Қабір азабынан, өмір мен өлімнің бүлігінен сақтай көр!

Уа, Алла! Пайдасы жоқ ілімнен, үрейі жоқ жүректен, тоймайтын нәпсіден және қабыл болмайтын тілектен сақтай көр!

Уа, Алла! Қарызға батудан, жауымнан жеңілуден және дұшпанның табасынан сақтай көр!

Әжетханаға кірерде, Бисмиллаһи! Иә, Алла! Еркек-ұрғашы жыншайтандардың жамандықтарынан сақтай көр!

Алланың атымен! Уа, Жасаған Ием, Сенен осы базардың әрі осы базардың ішіндегілердің қайырын тілеймін. Сондай-ақ, осы базардың әрі осы базардың ішіндегілердің жамандығынан да сақтай көр!

Сәби балаға арналған: Түрлі шайтаннан және улы жәндіктердің, түрлі сұқ көздердің кесірінен (сақтай көр деп) Алланың мінсіз сөздеріне сиынамын.

Ауырған кезде: үш рет «Бисмиллә» дегеннен кейін былай айтылады: «Осы мазасыздық пен сырқатымның жамандығынан (сақтай көр деп) Алланың ұлылығы мен құдіретіне сиынамын». Біз бұл жерде, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) Аллаға сыйынып жасаған дұға-тілектерінің «Сыйынамын» және «Сақтай гөр» деген мағынадағы сөздер (Әғузү) сөзінің қазақшаланған түрі. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шайтанның шәрінен сыйынған том-том кітап боларлық дұға-тілектері болғандықтан қысқаша тоқталып өттік. Мақсатымыз, азда болса «Әғузү» дұғасының мәнін түсіндіру. Әрине, адам баласы әуелі «Әғузү» дұғасының мәнін ұғыну арқылы Алла Тағалаға шынайы құл болу қасиетіне ие болады. Құлдық деңгейге көтерілген жанның «Әғузү» сөзі үйреншікті әдетіне айналып, құдды қалқанның рөлін атқарады деуге болады. Сол кезде адам баласының арқа сүйер тірегі Алла Тағала ғана болып, ол адамға Ібіліс шайтан зарарын тигізе алмайды. Міне, бұл мүміннің аңсаған арманына қол жеткізуі болмақ.

материал «Үкім аяттардың тәпсірі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Мүшріктердің мұсылмандарды жәбірлеуі

Көпқұдайшылдардың дағуатты тойтаруға бағытталған сыртекі тәсілдері бірнеше айға дейін жалғасты, бұл аралықта олар мұсылмандарды жәбірлеуге, азаптап қинауға әлі көшкен жоқ-ты. Бірақ олар мұндай тәсілдердің жаңа діннің дағуатын тоқтатуға ешқандай пайда бермей жатқандығын көрген соң, тағы бір рет бас қосып кеңес өткізді және мұсылмандарды қинап, азаптауға, оларды діндерінен қайтаруға әрекет жасауға келісті.

Пайғамбардың (с.ғ.с) жақын туыстарын дінге шақыруы

Дінге шақыру құпия жүргізілген үш жылдың ішінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір топ адамның жүрегіне жол тауып, шақыруына жауап алды. Иманға келген жас мұсылмандар Алла елшісінің (с.ғ.с) насихаттарын ешбір күмән келтірместен қабыл алды.

Пайғамбардың (с.ғ.с) құрайыштарға жасаған үндеуі

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Раббысының хабарларын жеткізу барысында Әбу Талибтің өзін қорғайтындығына көзі жеткен соң бір күні Сафа төбесіне шығып: «Я, сабахаһ!» – деп айқайлады.

Пайғамбар (с.ғ.с) өмірбаяны: Дағуатқа қарсыласу

Қажылық маусымы аяқталып, сырт аймақтардан келгендер үйлеріне тарасқанда құрайыштар Алла елшісіне (с.ғ.с) қатысты шаруаны жайғастырғандай масаттанып, көңілдерін бір демдеп алды. Олар өздеріне Алланың ақиқатын алып келген жазықсыз жанға күйе жақты және өздерінің әрекеттеріне есеп те бермеді. Олар мұнымен тоқтамастан Алла елшісінің (с.ғ.с) дағуатына кедергі жасаудың түрлі тәсілдерін ойластырды.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) балаларға берген батасы

Айша анамыз (Алла оны рақымына алсын): «Алла Елшісіне (с.ғ.с) жаңа туған балаларды алып келуші еді. оларға берекет тілеп, тахник (құрманы шайнап нәресте аузына дәм)  салатын», - дейді.

Алла Елшісі (с.ғ.с) дүниеден өткен кезде жуылған су қайда кеткен?

Атақты ғалым әрі тәпсірші Имам Мутәуәлли әш-Шағрауий жайында ғибратты бір оқиғаны сіздерге ұсынбақпын.