25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Арамыз ұзақ болса да, сағынышты басуға бір салауат жеткілікті

Мұсылман үмбеті Алла елшісін жақсы көргені секілді Пайғамбарымыз да үмбетін өте қатты жақсы көрді. Тіпті жанындағыларды сахабаларым десе, өзінен кейін келетін біздер мен ақиретке дейінгі келетін мұсылмандарды «бауырларым» деп өзіне жақын тартқан.

Пайғамбардың (с.ғ.с) үмбетіне деген ерекше ынтықтығы

Күллі адамзатқа рақым шуағын шаша келген сүйікті Елшінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үмбетіне деген ынтасы мүлдем бөлек еді. Ол өзі әкелген ұлы ақиқатты мейірім мен рақымдылық, жылулық пен жанашырлық сезімдеріне негіздеді.

«Сенің жәннатта көргендеріңді мен де көре аламын ба?»

Алла Расулының жанына Хабашистаннан бір адам келген еді. Алла Расулы оған білмегенін сұрай алатынын айтқан соң, хабаштық адам мынадай сауал қояды:

Пайғамбардың (с.ғ.с) серт кезінде әйелдерге қол бермеуі

Әйелдерге қол тапсырудың негіздері аят түскенде Алла Елшісі (с.ғ.с) Мәдинаға әйелдерді жинап олардан бият сұраған.

Алла Ешісінің (с.ғ.с) адамгершілік қасиеттері

Алла елшісінің (с.а.с.) өнегелі мінез-құлқы Құран Кәрім еді. Ол (с.а.с.) Құран айыптаған істерді көргенде ашу шақырып, Құран қош көргенге разы болатын.

Пайғамбардың (с.ғ.с) әзәзіл шайтаннан Аллаға сыйынған дұғалары

Жаратылыстың абзалы болған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірі мен әрбір іс-әрекеттері үмметінің ғұмырлық қыбланамасы, тыныс-тіршілігі болып табылады. Адамзат өзінің қас дұшпаны әзәзіл шайтанның шәрінен Алла Тағалаға сыйыну мәселесінде де пайғамбар (с.а.с) сүннетіне ерекше мән беретіні ақиқат. Осы тұрғыдан пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) әзәзіл шайтанның шәрінен Алла Тағалаға қалай сыйынғандығы жайлы келген хадис шәрифтердің кейбірін бере кетуді де жөн көріп отырмыз.

Алланың көркем есім және сипаттарымен күллі жаратылыстың кесіркесапатынан Аллаға сыйынамын!

Уа, Алла Тағалам, мені күпірліктен және пақырлықтан сақтай гөр! Уа, Алла Тағалам, мені қабір азабынан сақтай гөр! Сенен басқа тәңір жоқ!

Уа, Алла! Дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан және қалтыраған қарттықтан сақтай көр! Қабір азабынан, өмір мен өлімнің бүлігінен сақтай көр!

Уа, Алла! Пайдасы жоқ ілімнен, үрейі жоқ жүректен, тоймайтын нәпсіден және қабыл болмайтын тілектен сақтай көр!

Уа, Алла! Қарызға батудан, жауымнан жеңілуден және дұшпанның табасынан сақтай көр!

Әжетханаға кірерде, Бисмиллаһи! Иә, Алла! Еркек-ұрғашы жыншайтандардың жамандықтарынан сақтай көр!

Алланың атымен! Уа, Жасаған Ием, Сенен осы базардың әрі осы базардың ішіндегілердің қайырын тілеймін. Сондай-ақ, осы базардың әрі осы базардың ішіндегілердің жамандығынан да сақтай көр!

Сәби балаға арналған: Түрлі шайтаннан және улы жәндіктердің, түрлі сұқ көздердің кесірінен (сақтай көр деп) Алланың мінсіз сөздеріне сиынамын.

Ауырған кезде: үш рет «Бисмиллә» дегеннен кейін былай айтылады: «Осы мазасыздық пен сырқатымның жамандығынан (сақтай көр деп) Алланың ұлылығы мен құдіретіне сиынамын». Біз бұл жерде, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) Аллаға сыйынып жасаған дұға-тілектерінің «Сыйынамын» және «Сақтай гөр» деген мағынадағы сөздер (Әғузү) сөзінің қазақшаланған түрі. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шайтанның шәрінен сыйынған том-том кітап боларлық дұға-тілектері болғандықтан қысқаша тоқталып өттік. Мақсатымыз, азда болса «Әғузү» дұғасының мәнін түсіндіру. Әрине, адам баласы әуелі «Әғузү» дұғасының мәнін ұғыну арқылы Алла Тағалаға шынайы құл болу қасиетіне ие болады. Құлдық деңгейге көтерілген жанның «Әғузү» сөзі үйреншікті әдетіне айналып, құдды қалқанның рөлін атқарады деуге болады. Сол кезде адам баласының арқа сүйер тірегі Алла Тағала ғана болып, ол адамға Ібіліс шайтан зарарын тигізе алмайды. Міне, бұл мүміннің аңсаған арманына қол жеткізуі болмақ.

материал «Үкім аяттардың тәпсірі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Мүшріктердің мұсылмандарды жәбірлеуі

Көпқұдайшылдардың дағуатты тойтаруға бағытталған сыртекі тәсілдері бірнеше айға дейін жалғасты, бұл аралықта олар мұсылмандарды жәбірлеуге, азаптап қинауға әлі көшкен жоқ-ты. Бірақ олар мұндай тәсілдердің жаңа діннің дағуатын тоқтатуға ешқандай пайда бермей жатқандығын көрген соң, тағы бір рет бас қосып кеңес өткізді және мұсылмандарды қинап, азаптауға, оларды діндерінен қайтаруға әрекет жасауға келісті.