24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Қазақстанның қазиы атанған Сәдуақас Ғылмани

 1947 жылы Ташкент қаласында алғашқы дін құрылтайы өтіп, оған еліміздің атынан Қазақстан қазиы Қабдығаппар Шамсудинов пен Ақмола мешітінің имамы Сәдуақас Ғылмани барады. 1948 жылы Сәдуақас қажы Орта Азия мұсылмандар діни басқармасының мүшелігіне өтіп, Қазақстанның екінші қазиы болып тағайындалады.

Атақты футболшы Рибери қалай мұсылман болды?

Атақты футболшы Франк Рибери Булонь-сюр-Мер қаласында 1983 жылдың 7 сәуірінде қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ол бүгінгі таңда Франция құрамасының ойыншысы әрі мюнхендік «Бавария» клубының жартылай қорғаушысы. Франктың футбол әлемінде жеткен жетістіктері аз емес. Ол 2012 жылғы Чемпиондар Лигасының күміс жүлдегері, 2013 жылғы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы. Ал 2012-2013 жылғы футбол маусымында Еуропаның ең үздік футболшысы ретінде танылды.

Еуропа мен Ислам әлемінің алтын көпіріне айналған мұсылман ғалымы

Пайғамбарымыз (с.а.у.) заманында ақиқатты ақылымен ұққан кейбір яһудилердің Ислам дінін қабылдағанын білеміз. Ал кейінгі еврейлер мұсылмандармен бітіспес жауға айналды. Десек те, олардың арасында біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мұхаммед Асад секілді Ислам дінін қабылдап қана қоймай, оның мәртебесін әлемде биікке көтерген еврей-мұсылмандар да аз емес.

Жұма күнін демалыс жасап, құрбан айтты мерекеге айналдырған дипломат

Нәзір Төреқұлов 1892 жылы Түркістан өңіріндегі Қандоз ауылында дүниеге келген. Бірақ оның туған жеріне қатысты таласты әңгіме әлі күнге дейін бар. Біреулер оны Қоқанда туған десе, кей ғалымдар қазақ жерінде дүниеге келгенін айтады. Саналы ғұмыры Қоқанда өткен Нәзірдің ұлтын өзбектер “өзбек” деп те жүр.

Науан xазірет неге датталды?

Наурызбай Таласов - ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, Ислам дінінің Қазақстанның солтүстік өңіріне кеңінен жайылуына ықпал еткен атақты теолог-ғалым. Халық: «Науан хазірет», - деп танып, құрмет тұтқан имамның есімін Кеңес кезеңінде ауызға алудың өзі  мұң болатын. Соған қарамастан, көркем шығармаларда ол туралы аз жазылған жоқ.

Қызыр (а.с) пайғамбармен жолыққан имам

Аты аңызға айналған Имам Шәміл 1797 жылы Дағыстанға қарасты Гимри аймағында авар отбасында дүниеге келген. Әкесі Денгау Мұхаммед текті жерден шыққан. Шәмілге дүние есігін ашқанында «Әли» атты есім беріліпті. Нәресте ауыра бергеннен кейін «Атақты сахабаның аты кішкентай балаға ауыр тиді ме?» деп атасы «Шәміл» атай бастайды.

Мәскеу басшыларын дүр сілкінткен Имам әл-Бұхари

Ислам әлемінде араб ұлтынан шықпаса да, күллі мұсылман қауымы мойындаған ғалымдар баршылық. Солардың ішінде хадис жинап, әйгілі «Сахих әл-Бұхари» кітабын жинақтап жазып шыққан Имам әл-Бұхаридың орны ерекше. 

Адамжүсіп қалай Мәшһүр Жүсіп атанды?

Мәшһүр Жүсіп сегіз жасқа дейін Төртуыл халфе, Дүржанбай молда, Бибі молдалардың алдын көреді. Осы екі-үш жылдың ішінде көрген түрлі бейнетке қажымай, өз қатарындағы балалардың алды болады. Сегізден тоғыз жасқа қараған уақытында оған Қамар хазірет кездеседі. 

Суды тыныштандырған имам

Алла тағала Кавказдан Шәміл атты арыстандай ұлды туғызды. Кеудесін соққан ұлы державаны Шәміл ширек ғасыр бойы бір қадам да алға бастырмай ұстап тұрды. Ресей патшалығы қолынан келгенді жасап бақты, бар әскерін Кавказға жұмылдырды. Бірақ  бәрібір олар Имам Шәмілдің асқақ рухын жеңе алмаған еді.

«Ясин» сүресін тыңдаған күйі өмірден өткен уағызшы

Өткен ХХ ғасырда дүниеге келіп, бар өмірін Исламды қорғауға, адамдарды дінге шақыруға арнаған Ахмет Дидаттың ғибратқа толы ғұмыры біздерге қай жағынан алсақ та үлгі. Оны мұсылман әлемі ғана емес, христиандар да жақсы таниды, біледі, тіпті қорқады.