19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Алланың қылышы» атанған сахаба

Жеңілуді білмейтін қолбасшы Халид ибн Уәлидтің (р.а) өмірі мүлдем қызық. Исламды қабылдағанға дейін мұсылмандарға қарсы шайқасып, үлкен зиянға ұшыратса, жүрегі иман нұрымен шайылғаннан кейінгі бүкіл ғұмыры Алланың дұшпандарына қарсы қылыш сермеумен өтті.

Харам мен халалды ең жақсы білетін ғалым сахаба – Муаз ибн Жәбәл (р.а)

«Ғалымдар қияметте бір жерге жиналған кезде, Муаз олардан бір оқ атым ілгері тұрады». (Хадис)

Аллаға берген сөзінен қайтпаған нағыз ер - Мусғаб ибн Ұмәйр (р.а)

Сахабалардың әрбіреуі алқаракөк аспандағы жұлдыз шоғырындай болып көзге түсетін еді. Шаңытқан құс жолы олардың арпалысқа толы ғұмырындай елестейді. Әрқайсысының бойында бізге өнеге боларлық тұнып тұрған қасиеттер бар.

Шейіттердің мырзасы - Хамза ибн Әбдүмүттәліп (р.а)

Хазірет Хамза – орта бойлы, күшті, айбарлы, абыройлы сахаба. Өзі мерген, аңшы және құрайыштықтардың құрмет тұтар батыры. Қиындыққа душар болғандарға жанашыр, әділетсіздікке төзбейтін баһадүр. Аң аулауға шыққанды жаны сүйетін. Одан қайтарда Қағбаны тауап етуді қасиетті санап, аталарының дәстүріне құрмет көрсететін.[1]

Хазірет Омардың иманға келуіне себеп болған сахаба

Хазірет Саид (р.а) – көзінің тірісінде Жәннатпен сүйіншіленгендердің бірі. Әкесінің аты – Зәйд ибн Амр. Әкесі Алланың барлығы мен бірлігіне сенген таза жүректі, ақиқатқа көзі ашық кісілердің бірі, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) пайғамбарлық берілместен бұрын да тек тәңірлік (тәухид) дінін ұстанатын. Өз дәуірінде Ханифтік атпен белгілі болған хазірет Ибраһимнің дінінде болғандығын “менің тәңірім – Ибраһимнің Алласы, дінім де – Ибраһимнің діні” деп білдірген.[1]

Жауынгер сахаба - Зүбәйр ибн Әууәм (р.а)

“Әр пайғамбардың көмекшісі бар, менің көмекшім – Зүбәйр”[1] деп пайғамбар тарапынан мақталған Зүбәйр ибн Әууәм – Исламға алғаш көңіл ашқан бақыттылардың бірі. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ақиқатты жаю жолындағы ең жақын жолдастарының қатарынан табылды. Алла елшісімен (с.ғ.с.) әрі шешесі, әрі Хадиша анамыз жағынан туыстығы бар. Анасы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) апайы (әкесінің әпкесі) Сафиия, әкесі – Әууәм болса Хадиша анамыздың бауыры.

Жаужүрек әрі жомарт - Талха ибн Ұбайдұллаһ (р.а)

“Алла Тағалаға шүкір! Пайғамбарым аман болсын, басқа қиындық түк те емес”. (Талха ибн Ұбайдұллаһ)

Екі жаһан сардары хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) “Талха мен Зүбәйр – Жәннаттағы қоңсыларым” деп ілтипат білдірген, көзінің тірісінде мәңгілік бақытпен сүйіншіленген он сахабаның бірі.