24
Жексенбі, Наурыз

һижри

Харам мен халалды ең жақсы білетін ғалым сахаба – Муаз ибн Жәбәл (р.а)

«Ғалымдар қияметте бір жерге жиналған кезде, Муаз олардан бір оқ атым ілгері тұрады». (Хадис)

Аллаға берген сөзінен қайтпаған нағыз ер - Мусғаб ибн Ұмәйр (р.а)

Сахабалардың әрбіреуі алқаракөк аспандағы жұлдыз шоғырындай болып көзге түсетін еді. Шаңытқан құс жолы олардың арпалысқа толы ғұмырындай елестейді. Әрқайсысының бойында бізге өнеге боларлық тұнып тұрған қасиеттер бар.

Шейіттердің мырзасы - Хамза ибн Әбдүмүттәліп (р.а)

Хазірет Хамза – орта бойлы, күшті, айбарлы, абыройлы сахаба. Өзі мерген, аңшы және құрайыштықтардың құрмет тұтар батыры. Қиындыққа душар болғандарға жанашыр, әділетсіздікке төзбейтін баһадүр. Аң аулауға шыққанды жаны сүйетін. Одан қайтарда Қағбаны тауап етуді қасиетті санап, аталарының дәстүріне құрмет көрсететін.[1]

Хазірет Омардың иманға келуіне себеп болған сахаба

Хазірет Саид (р.а) – көзінің тірісінде Жәннатпен сүйіншіленгендердің бірі. Әкесінің аты – Зәйд ибн Амр. Әкесі Алланың барлығы мен бірлігіне сенген таза жүректі, ақиқатқа көзі ашық кісілердің бірі, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) пайғамбарлық берілместен бұрын да тек тәңірлік (тәухид) дінін ұстанатын. Өз дәуірінде Ханифтік атпен белгілі болған хазірет Ибраһимнің дінінде болғандығын “менің тәңірім – Ибраһимнің Алласы, дінім де – Ибраһимнің діні” деп білдірген.[1]

Тағы да мақалалар ...