Пайғамбарымыздың ﷺ екінші анасы

Адамзаттың ардақтысы  ﷺ Алланың хикметті жазмышы бойынша, туылмастан бұрын әкесінен айырылса, алты жасында анасынан айырылып жетім қалды. Пайғамбарымыздың анасын жоқтатпауға тырысқан бірнеше әйелдің бірі – Үмму Айман.

Алла Елшісін ﷺ жанынан артық сүйген сахаба әйел

Қанды Ұхұт шайқасында мұсылмандар жеңіліске ұшырады және Расулулла шейіт болды деген хабарды ести сала, екі өкпесін қолына алып, соғыс алаңына барған қаһарман әйелдердің бірі – хазірет Сүмәйра.

Пайғамбардың (ﷺ) апайы

Ислам туы биікте желбіреп, мейірім шуағы адамдардың жүректерінде орнығуы үшін барын аямаған сахабалардың арасында ерлігі ерлердікінен кем болмаған даңқты сахаба әйелдер де бар еді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дұғасына бөленген жаужүрек әйел сахаба

Мәдиналық мұсылмандар Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) және иман еткен басқа да мұсылмандарға құшағын айқара ашып, оларды өздерінің бауырына басқанша тағатсызданды. Ислам тарихында «екінші Ақаба серті» деп аталған келісім кезінде Мәдинадан Меккеге Алла Расулын өз жерлеріне шақырып, оған көмектесуге серт берген жетпіс бес кісі бар еді.

Сөз саптаудың шебері

Үбәй ибн Ка‘б – қасиетті Құран Кәрімнің көркем оқылуы жолында көп қызмет атқарған әрі Пайғамбарымызға түскен уахилерді хатқа түсіріп отырған (уахи катибі) шамшырақ сахабалардың бірі. Алла Елшісі (с.ғ.с.) ол жайлы: «Құранды ең жақсы оқитын кісі»[1],– деген.

Расулулланың аудармашысы

Құран аяттары мен сүрелері түскен кезде Алла Расулы (с.ғ.с.) оларды өзі ғана жаттап қоймай, басқаларға да жаттатқызатын. Әрі жаза білетін сахабаларына уахиді жаздыратын.

Құран ілімдерін ең жақсы меңгерген сахаба

Алғаш иман еткендердің ішінде алтыншы болып мұсылмандықты қабылдаған бақытты жандардың бірі – Әбу Әбдуррахман Абдуллаһ ибн Масғұд. Бала кезінде Әбу Жәһил, Ұқба ибн Муайт сияқты азулы мүшріктердің қойларын бағатын.

Сүннетке берік сахаба

Әділеттің бейнесі хазірет Омардың тоғыз ұлы болды. Солардың ішінен «ибн Омар» (Омардың ұлы) деген атқа ие болған, ибн Омар дегенде алғаш еске түсер баласы – Абдуллаһ.