26
Жұма,
Сәуір

һижри

Бес мыңнан аса хадис жеткізген сахаба

Бүкіл Ислам әлеміне аты әйгілі Әбу Һурәйра – Йеменнің Дәус тайпасынан шықты. Хижраның жетінші жылында Исламды қабылдап, нұрлы Мәдинаға көшкен. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) жанында төрт жыл тұру бақытына ие болған қадірлі сахабалардың бірі.

Турашыл әрі тақуа Әбу Зәрр әл-Ғифари

Азан шақырып қойған шын аты Жүндүб ибн Жунәдә болғанмен Әбу Зәрр руының қызба әрі жаужүрек адамы еді. Қараңғылық кезеңінде керуендердің жолын торумен аты шыққан-ды. Жол тору Ғифар руының ата кәсібі еді. Әбу Зәррдің атын естігенде ұйқыдағы адамдар шошып оянатын болған.

Саясаткер. Дипломат. Сахаба.

Ардақты елшінің (с.ғ.с.) тәрбие мектебінен өткен саңлақ сахабалар жүрген жерлерінде ел-жұрттың бақыты үшін күш жұмсады. Екі дүниеде бақытқа жетудің жолын іздеді. Алланың разылығын алу халықтың ризалығынан өтетінін жақсы білген сахабалар өз бақыты үшін емес, өзгенің бақыты жолында өмір сүрді.

Азаншылардың мырзасы

Пайғамбарымызға алғаш иман еткен бақыттылардың бірі. Исламның алғашқы азаншысы. Ислам тарихында оның өшпес орны бар.

«Алланың қылышы» атанған сахаба

Жеңілуді білмейтін қолбасшы Халид ибн Уәлидтің (р.а) өмірі мүлдем қызық. Исламды қабылдағанға дейін мұсылмандарға қарсы шайқасып, үлкен зиянға ұшыратса, жүрегі иман нұрымен шайылғаннан кейінгі бүкіл ғұмыры Алланың дұшпандарына қарсы қылыш сермеумен өтті.

Харам мен халалды ең жақсы білетін ғалым сахаба – Муаз ибн Жәбәл (р.а)

«Ғалымдар қияметте бір жерге жиналған кезде, Муаз олардан бір оқ атым ілгері тұрады». (Хадис)

Аллаға берген сөзінен қайтпаған нағыз ер - Мусғаб ибн Ұмәйр (р.а)

Сахабалардың әрбіреуі алқаракөк аспандағы жұлдыз шоғырындай болып көзге түсетін еді. Шаңытқан құс жолы олардың арпалысқа толы ғұмырындай елестейді. Әрқайсысының бойында бізге өнеге боларлық тұнып тұрған қасиеттер бар.

Шейіттердің мырзасы - Хамза ибн Әбдүмүттәліп (р.а)

Хазірет Хамза – орта бойлы, күшті, айбарлы, абыройлы сахаба. Өзі мерген, аңшы және құрайыштықтардың құрмет тұтар батыры. Қиындыққа душар болғандарға жанашыр, әділетсіздікке төзбейтін баһадүр. Аң аулауға шыққанды жаны сүйетін. Одан қайтарда Қағбаны тауап етуді қасиетті санап, аталарының дәстүріне құрмет көрсететін.[1]

Хазірет Омардың иманға келуіне себеп болған сахаба

Хазірет Саид (р.а) – көзінің тірісінде Жәннатпен сүйіншіленгендердің бірі. Әкесінің аты – Зәйд ибн Амр. Әкесі Алланың барлығы мен бірлігіне сенген таза жүректі, ақиқатқа көзі ашық кісілердің бірі, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) пайғамбарлық берілместен бұрын да тек тәңірлік (тәухид) дінін ұстанатын. Өз дәуірінде Ханифтік атпен белгілі болған хазірет Ибраһимнің дінінде болғандығын “менің тәңірім – Ибраһимнің Алласы, дінім де – Ибраһимнің діні” деп білдірген.[1]