24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Әйюб пайғамбар (а.с.)

Әйюб (а.с.) – Ысқақ пайғамбардың Айыс деген перзентінің баласы. Әйюб пайғамбар атасы хазірет Ысхақтың берген батасының арқасында шаңырағына көп берекет дарып, шаңырағы балаға, өрісі малға, қамбасы астыққа, сандығы алтынға толыпты. Кейбір деректерде жары Рахима - Жүсіп пайғамбардың (а.с.) қызы екендігі айтылған. Хазірет Әйюбтың ең үлкен сынағы осы көл-көсір байлығы еді.

Лұт пайғамбар (а.с.) және Садум елінің жермен жексен болуы

Хазірет Ибраһим (а.с.) пайғамбар жары Сара мен інісі Лұтты ертіп Бабылдан Харранға қарай хижрет еткен болатын. Ибраһим пайғамбар сонда қалды да, інісі Лұт Садум еліне кетті. Кейіннен оған пайғамбарлық міндет жүктелді.

Ибраһимның (а.с.) һижреті және ұлдары Исмайыл мен Ысқақтың (а.с.) дүниеге келуі

Хақ пайғамбар әйелі Сара және інісінің баласы Лұтты ертіп Шамға қоныс аударды. Олар Шам аймағындағы Харран қаласына табан тіреді. Ал, хазірет Лұт Харранға жақын маңдағы Садум еліне тартты. Көп ұзамай оған сол жерде пайғамбарлық та келген еді.

Кейбір деректерде Ибраһим пайғамбар Ефрат өзеніне жақын жердегі Бабыл қаласында дүниеге келген. Ибраһим (а.с.) – әйгілі бес ірі пайғамбардың бірі. Һәм пайғамбарлардың атасы.

Жылдар жылжып, Нұх пайғамбардың үмбеті көбейді. Осыған орай ұлттар мен тайпаларға бөліне бастады. Солардың бірі Ад деген арғы аталарының есімімен аталып кеткен Ад елі еді.

Куфа аймағында ақиқаттан адасып, күнәға белшесінен батқан қауымның арасында ізгі ниетті санаулы-ақ шаңырақ бар еді. Бұлар ешқашан өз дінінен айнымай, Хақ Тағалаға ғана құлшылық қылатын. Нұх та сол санаулы отбасының бірінде дүниеге келді.

Ыдырыс (а.с.) – Құранда аты аталған пайғамбарлардың бірі. Кейбір деректерде Нұхтың арғы атасы екендігі айтылған. Адам Атаның (а.с.) ізін ала жіберілген деген дерек те кездеседі. Ыдырыс пайғамбардың қасиеттері Құранның төрт аятында суреттеледі.

Хазірет Адам атаның періштелерден қандай қасиетімен, ерекшеліктерімен үстем түсетінін білдік. Оның осы үстемдігін паш ету үшін, Алла тағала періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер»1, - деп бұйырды.