23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Алла Елшісінің (с.ғ.с) жиі айтқан истиғфары

Пайғамбарымыз алейһиссалам жаратылғандардың ең үстемі болумен қатар Алла Тағаланы ең жақсы таныған жəне Одан ең қатты қорқатын. Хақ тағала оны күнə істеуден сақтаса да ол əрдайым үздіксіз ғибадат етіп Алла Тағалаға дұға етіп, истиғфар айтатын. Түннің алғашқы уақытында (құптаннан кейін) ұйықтап, соңғы уақытында ғибадат жасайтын.

Пайғамбарлардың ортақ міндеттері

Адам баласы жаратылғаннан бері əр қауымға пайғамбарлар жіберілген. Барлық пайғамбарлардың қайнары бір. Алла елшінің (с.ғ.с) сөзімен айтқанда «Əбнəу əллəт», яғни барлығы бір əкенің тəлім-тəрбиесін алып өскен балалар тəрізді.

Пайғамбарлардың бір-бірінен артықшылығы, үстемдігі

Құран кəрімде Алла тағала: «Расында пайғамбардың біреулерінен біреулерін артық қылдық. Сондай-ақ, Дəуітке Зəбурды бердік»; «Уа, Мұса! Шынында сені адамдардан елшілікке жəне сөйлесуге таңдап алдым», – дейді.

Иса пайғамбардың 6 мұғжизасы

Мәриәм ұлы Иса (ғ.с.) яһудилерге жіберілген  пайғамбар. Сонымен қатар, Құран Кәрімде аты аталған жиырма бес пайғамбардың бірі. Иса (ғ.с.) яһуди қауымына өзіне дейінгі иләһи кітаптарды растаушы Інжіл кітабын әкелді.

Мен үшін не істедің?

Бірде Алла Тағала Мұса пайғамбарға: «Әй, Мұса! Мен үшін жасаған амалың бар ма?» - деп сұрайды. Мұса (а.с.) «Уа, Раббым! Сен үшін намаз оқыдым, ораза ұстадым, садақа бердім, сәжде жасадым. Саған мақтау айттым, кітабыңды оқыдым, сені еске алдым», - деп жауап берді.

Халифа мен ауызашар

Әбу Бәкір (р.а.) жаздың ми қайнаған ыстық күні ораза ұстады. Кешкісін ауызашарда дастарханда бар болғаны бір тостаған су тұрды. Суық суды енді ауызға ала бере Әбу Бәкір (р.а.) әлдене еске түскендей еңкілдеп жылап жіберді.