25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

‘Амир ибн Абдулла ибн Абдуқайс (р.а.)

Ислам жұлдыздары

Осман (р.а) халифа болып тұрғанында Басра қаласына Абу Муса әл-Ашғариді (р.а) әкім етіп жіберді. Ол ұлы сахаба (р.а) осы қалада ислам тарихында аты өшпес тұлғаларды тәрбиелеп шығарды.. Бұл тұлғалардың ішіндегі ең әйгілісі– Ъамир ибн Абдулла ибн Абдуқайс Басри. Ол Басрадан ұзақта өмір сүретін Абдуқайс тайпасында дүниеге келген табиғин. кейін Абу Муса (р.а) кетіп, орнына келген Басраның жаңа әкімімен келісе алмай, артынша Басрадан қуғындалды. Ет жеу мен үйленуден бас тартыпты, имамдарға қарсы шығыпты, жұма намазына бармайды екен деген жалалар жабылды. Шам қаласына қудаланған тұсында ондағы Муғауия (р.а) оның бұл жалалардан пәк екенін анықтап, бұл жәйттан Басра әкіміне хабар береді. Алайда Ъамир Басраға екінші рет қайта оралудан бас тартады.

Ъамир ибн Абдулқайстың ғибадаты мен зухдының бағытын көрсететін: «Дүниенің барлық ісі мына төрт нәрсеге барып тірелетінін көрдім. Олар: байлық, әйел, ұйқы және ішіп-жем. Байлық пен әйелге қажеттілігім жоқ. Ал ұйқы мен ішіп-жемге келсек, Алламен ант етейін, егер шамам келсе бүкіл күш қайратымды одан да бас тартуға жұмсаймын,»–деген сөзі жеткен.

Ъамирдің осынау ғибадат шыңына жетуіне себеп болған тозақтың оты мен Алланың азабынан қорыққандығы екенін байқауға байқалады. Дәл осы нәрсе оның зухдты қатты ұстанып, ғибадатқа қатты берілуіне итермелеген. Ол Алладан қатты қорққындығынан және күнәларына деген уайымнан өте көп жылайтын болған. Ал жылау мен қорқыныш екеуінің бір адамның бойынан табылуы қиын, табылса– ол адамның рухани өмірге қаншалықты тереңдегенін көрсетеді.

1-Абу Нуъайм «Хильятул әулия» кітабында Алқама ибн Марсадтың: «Зухд жеті адамға барып тіреледі, олар–Амр ибн Абдулла ибн Абдуқайс, Уайс Қарни, Харам ибн Хайян, Рабиғ ибн Хайсам, Масруқ ибн Аждаъ, Асуад ибн Язид, Абу Муслим Хаулани және Хасан ибн Аби Хасан,»–дегенін жеткізді.

2-Нәпсісі мен шайтанмен күресі және ғибадатқа деген құлшынысы жайында мына оқиғасы жетті: «Ол түнінде намаз оқып, күндізін оразамен өткізетін. Оның әңгімесін жеткізушілердің бірі: «Ол намаз оқып жатқанында әлгі жылан көйлегінің астынан кіріп жеңінен шығып жүретін, алайда ол оған көңіл бөлмейтін. Сонда оған: «Жыланды өзіңнен ысырып, алып тастамайсың ба?»–делінді. Сонда ол: «Алламен ант етейін, мен Алланың құзырында Одан басқа біреуден қорқуға ұяламын. Алламен ант етейін, мен оның қашан кіріп-шығып жатқанын да білмеймін,»–деп жауап беретін болған.

3-Зухд пен қиямет күнінің қорқынышын мына сөзінен байқасақ болады: «Дүниелеріңе қызығып жылағаным жоқ, алайда түскі уақыттың шөлі мен қыстың келуінен (қиямет күнінің сипаттары) қорқып жылаймын,»–деген.

Ол кісіні көрген Каъб әл-Ахбар (р.а): «Бұл осы үмбеттің раһибы (өзін құдайға арнаған адам),»– деген.

Хадисті риуаят етуде өте сенімді адам болған. Адамдарға Құран үйрететін.

Ол кісі азаңда келіп: «Кімге Құран үйретейін?»–деп сұрайтын. Адамдар келетін де, сосын оларға Ұүран үйрететін. Сосын тұрып бесінге шейін намаз оқитын, сосын асырға шейін тағы намаз оқитын, сосын адамдарға шам намазына шейін қайта Құран үйрететін, сосын құптанға шейін қайта намаз оқып, сосын үйіне қайтатын. Үйінде нанмен қоректеніп, сосын аздап ұйықтайтын, сосын қайта намаз оқитын. Азаңда кішкене нан жеп қайта шығатын.

Ол кісі Мұғауияның (р.а) заманында қайтыс болып Йерусалимде жерленген.

Бөлісу: