23
Сенбі, Наурыз

һижри

Ана – Алланың асыл қазынасы

Ана – адамды өмірге әкелетін қасиетті жан. Баласы үшін өзінің қуанышы мен тыныштығын, денсаулығы мен әдемілігін қашанда құрбан етуге дайын абзал жан. Баласы үшін тас емшегін жібітіп, тар жатырын кеңіткен ананың орнын адамзат баласы қашанда жоғары бағалаған. Олай болуы заңды да.

Әсіре діншілдік қайдан шығады?

Өкініштісі, «балам жасаған тамағымды жемей қойды», «қайын ағам харам деп тойыма келмеді», «намаз оқымағаным үшін «кәпірсіңдер» деп ұлымыз бізден іргесін бөлді» деген сөздерді бүгінде жиі естіп жүрміз.

Төл тарихымыздың асыл аманаты

«Алып анадан туады» дейді дана халқымыз. Адамзат үшін ежелден ананың қадір-қымбаты айырықша. Ата дінімізде аят, хадистер арқылы ана мәртебесін биік көтеріп, оның бағалануы мен құрметтелуі хақында адамзат баласына қайта-қайта ескертіп, бұл істің маңыздылығын, салмағын нықтай түседі.

Ережеп айында оразасы туралы

Ережеп айы – Исламдағы қасиетті төрт айдың бірі. Бұл ай – Алланың айы деп аталады.  Бұл айда исра және миғраж түні болған рағайып түні бар. Пайғамбар ғалайһиссаламнан сүннет болып қалған нәпіл ораза ұстау бар.