17
Сенбі, Тамыз

һижри

Оразадан кейінгі 10 кеңес

Уақыт бір сәтке кідіріп қалсын ба? Рамазан сынаптай сырғып өтті. Алла қабыл етсе, қасиетті айда әркім Ұлы Жаратушыға ұнамды қайырлы амалы арқылы өзіне тиесілі сауапқа кенелді. Бойға рух, санаға нұр құйылған Рамазаннан кейінгі айларда да иманды сақтау, жұмаққа жетелейтін құлшылыққа ықылас таныту – мұсылманның мұраты.

Байлыққа жетудің 5 жолы

Байлыққа қол жеткізуге ұмтылу адамның қалауларына тән нәрсе. Егер мұсылман байлыққа рұқсат етілген адал жолдармен ұмтылып, жиған-тергенін рұқсат етілген адал істерде жұмсаса, онда тұрған айып жоқ. Сондықтан сіздерге байлыққа жетудің Құран Кәрім ұсынған 5 жолын ұсынамыз.

Айт намазы қалай оқылады?! (ВИДЕО)

Айт – араб­ша­дан ті­лі­міз­ге өт­кен «мей­рам» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Айт намаз­да­ры­ның уә­жіп­ті­гі Құ­ран мен сүн­нет­ке сүйене­ді. Бі­рін­ші­сі – Рамазан айты, екін­ші­сі – Құр­бан айт [1] [2]. Жұ­ма на­ма­зы па­рыз бол­ған жан­дар­ға осы екі айт на­маз­да­ры да – уә­жіп. Бі­рақ хұт­па айт на­маз­да­рын­да на­маз­дан кейін оқылады. Бұ­лай оқы­луы – сүн­нет. Айт на­маз­да­ры­ның ал­ғаш­қы уақы­ты – күннің көк­жиек­тен найза бойын­дай кө­те­ріл­ген­де­гі уақыт. Бұл ша­ма­мен күн шық­қан­нан кейін 50-55 ми­нут­тей өт­кен­нен кейін бас­та­лып, бе­сін на­ма­зының кі­руіне дейін жал­ға­са­ды.

Айт намазының алдында нелерді істеу керек?

Ораза айт алдымен мешіттен бастау алады. Күллі мұсылман таң атысымен Алланың үйіне қарай ағылып, алдымен құлшылық жасайды. Мешітке бармас бұрын нені ескерген жөн?

Қадыр түні Қыдыр ата келе ме?

Асыға күткен Қадыр түні де келді. Осы бір ерекше кешітің қадыр-қымбаты жайлы сұраушылар тіптен көбейе бастады. Ислам құндылықтарының жаңғыруымен Қадыр түнін күзету халқымыз үшін дәстүрлі шараға айналып келе жатқаны көңіл қуантады.

«Ифтар» емес, «ауызашар»

Діни құндылықтардың өркендеуімен бірге діни жоралғыларды дәстүрге айналдырған бауырларымыз көбейіп келеді. Соның бір айғағы міне, рамазан айы басталғалы бері бір-бірін таласа-тармаса ауызашарға шақырып жатқан ағайынды күніге көріп жүрміз. Бұл шын мәнінде шүкір етуге татитын қоғамдық құбылыс.