Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары
( Н.Ә.Назарбаев)
Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары
( Н.Ә.Назарбаев)
Алла Тағала күллі адамзатты: «Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат, жүректеріңдегі дерттеріңе дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау ретінде Құран келді» («Юнус» сүресі, 57-аят.), «Біз Құраннан имандылар үшін шипа және мейірім түсіреміз» («Исра» сүресі, 82-аят.), – деп сүйіншілейді.
Абай атамыздың бірінші қара сөзінде өзінің қылып жүрген ісінің баянсызын көріп, қалған өмірін не қылып өткізерін таба алмай қайран қалатын жері бар еді ғой: «Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағамын, қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын?» - деген.
Болашақ бағдарын анықтауда түп-тұқиянымыздан тартып, ұлтымыздың өткен өмір өткелдеріне көз жүгіртіп, қазіргі кейіп-кеспірімізді ой-електен өткізе келіп, келер күннің бет-алысын долбарлау кәдуілгі табиғи ой-өріс екені белгілі. Алайда жасампаздық пен ілкімді адымға тұздық болатын идеялар өткеннің қайнары мен бүгінгі тыныс-тіршілік һәм келешек кенересімен астасып-қойындасып жатса ғана өміршең болады.
Қырағат – араб тілінде «оқу» мағынасына келетін етістік сөз. Бірақ Құран ілімінде «қырағат» терминінің мағынасы «Құран мәтінін мәнерлеп оқу үлгісі» дегенге саяды.
Дәрет алу - Ислам дініндегі аса маңызды құлшылықтардың бірегейі. Намаздың қабыл болуы, дәреттің дұрыстығына тікелей байланысты. Ал, намаз болса, мүминнің Аллаға жақындай түсуіне себеп болатын ғибадат. Осыған орай, дәрет алудың өз алдына бөлек Алла Тағаладан берілетін үлкен сауабы бар.
«Байлық, байлық емес, бірлік байлық» деп «бірлікті» ту еткен тәуелсіз елміз. Тарихымызды таразыласақ, шынайы көңілмен босағамызды аттаған әрбір бейтанысты құшақ жая қарсы алатын тектілікке иеміз. Оның үстіне жақсы ниетпен келгенге опасыздық жасаған жеріміз жоқ.
Тыныш әрі бақытты өмір сүру үшін айналамыздағы адамдармен жақсы мәміледе болу шарт. Исламның да басты миссиясы адам баласының екі дүниеде бақытты болуын қамтамасыз ету.