16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Қырағаттың түрлері

Қырағат – араб тілінде «оқу» мағынасына келетін етістік сөз. Бірақ Құран ілімінде «қырағат» терминінің мағынасы «Құран мәтінін мәнерлеп оқу үлгісі» дегенге саяды.

Дәрет алған адамға берілетін сауап

Дәрет алу - Ислам дініндегі аса маңызды құлшылықтардың бірегейі. Намаздың қабыл болуы, дәреттің дұрыстығына тікелей байланысты. Ал, намаз болса, мүминнің Аллаға жақындай түсуіне себеп болатын ғибадат. Осыған орай, дәрет алудың өз алдына бөлек Алла Тағаладан берілетін үлкен сауабы бар.

Жат ағымның аңдығаны не?

«Байлық, байлық емес, бірлік байлық» деп «бірлікті» ту еткен тәуелсіз елміз. Тарихымызды таразыласақ, шынайы көңілмен босағамызды аттаған әрбір бейтанысты құшақ жая қарсы алатын тектілікке иеміз. Оның үстіне жақсы ниетпен келгенге опасыздық жасаған жеріміз жоқ.

Көрші ақысы қандай?

Тыныш әрі бақытты өмір сүру үшін айналамыздағы адамдармен жақсы мәміледе болу шарт. Исламның да басты миссиясы адам баласының екі дүниеде бақытты болуын қамтамасыз ету.

Араб даласында білікті саясаткер һәм дипломат болған Амр бин Ас (р.а.): «Сөз – дәрі іспетті. Азайтсаң пайдасын көресің, ал көбейтіп жіберсең өлтіреді», - деген екен. Қазақта: «Сөз – тас жарады, тас жармаса – бас жарады», - деген сөз бар. Расында, жөнімен айтылған сөз жүйесін табады. Ал, жөнсіз сөз түбірде иесінің басын жарады.

Тіркеусіз миссионерлік қызмет – заң бұзушылық

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңы  бойынша еліміздегі діни бірлестіктердің қызметі, миссионерлік қызмет, дінтану сараптамасы, ғибадат үйлерін салу, діни әдебиетті тарату секілді барлық қызметтердің тәртібі айқындалған.

Ақыретін ұмытқан адамның, жалт-жұлт еткен пәни дүниенің қызығына беріліп, ақыретке дайындығын ұмытқан адамның мысалы жыртқыш аңнан қашып келе жатқан, бір ағаштың бұтағына өрмелеп шыққан кісі тәрізді.

Сабырдың үш түрі

Ғалымдардың пікірінше сабырдың негізгі 3 түрі болады: қиындыққа, құлшылыққа және күнәға қарсы сабыр ету. Сабырлықтың осы үш түрін ашықтап, кеңінен қарастырып көрсек.

Қазақтың төрт қазиі

Биыл – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) құрылғанына 30 жыл. Діни басқарма қалай құрылды? Бастауында кімдер тұрды?

Ар концепциясы – Президенттің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласынан туындаған ойлар

Бір жағынан жаһандану, бір жағынан жаппай «хайпылану» (хайпократия) қысқан алас-күлес шақта ұлттың ар тазалығы, аршылдығы, яғни ұлттың жан саулығы, ізгілік шарты деген мағынадағы қоғамдық идея керек болып тұр.