19
Жұма,
Сәуір

һижри

Ханафи мәзһабының мұсылман әлеміне кең таралуының діни-канондық, тарихи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және т.б. себептері бар. Оған қысқаша тоқталар болсақ:

Соңғы кездері елімізде өзіне қол жұмсау оқиғалары орын алуда. Бұған байланысты мамандар өздерінің әртүрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Мысалы, психолог-ғалымдар бұл оқиғаларға байланысты «адамның ішкі сезіміндегі үмітсіздік, өмірден күдер үзу» деп бағалап жатса, ал кейбір сарапшылар «әлеуметтік мәселелерден туындаған оқиға» деген көзқарастарын білдіруде. Бұдан өзге әлеуметтанушы ғалымдар болса, «бұл – отбасындағы ұрыс-керістің, тұрақсыздықтың салдарынан орын алған жағдай» деген пікірлерін айтуда.

Ардақты ағайын, қадірлі қазақстандықтар!

Тәуелсіздік күні еліміз үшін өзге мейрамдардан мәртебесі биік, маңызы терең, қадір-қасиеті мол мереке. Бұл – бабалар аңсап өткен, жолында жаны құрбан болған, ұлы күн. Әуелі әлемдердің Раббысы Алла Тағаланың қазақ халқына шексіз мейірім-шапағатының арқасында бұл күн бізге бақ болып бұйырды. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында елдігіміз нығайып,  төрткүл дүние бағалаған мемлекетке айналдық.

Екі дүние сардары, адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы «Мәуліт» мерекесімен араға жыл салып қайта қауышудамыз. Жаратылғандардың асылы және шыңы болған хазіреті пайғамбар (с.ғ.с.) милади 571 жылы рабиул айының 12-жұлдызы, дүйсенбі күні дүниеге келіп, әлемді шексіз қуаныш пен нұрға бөледі.Оның дүниеге келуімен Алланың мейірімі тасып, әлемге өзгеріс кірді. Сөздер мен сұхбаттарға мән кіріп, әрбір нәрсе жаңарып, ерекше мағына мен әсемдікке малынды. Құран Кәрімде Алла тағала өзінің соңғы Елшісі жайында: «Біз сені бүкіл әлемге рахым етіп қана жібердік» деген еді («Әнбия» сүресі, 107-аят). Ал бұл ақиқатты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деп көрсетеді: «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім».

Асыл дініміз Исламда әйелге айрықша мәртебе берілген. Имандылық, ізеттілік, қайырымдылық, жанашырлық жолын ұстанған халқымыз қыз-келіншекті құрметтеудің үлгісін көрсеткен. Қызды құрметтеуге келгенде оны тіпті төрге шығарған, ал тәрбиесіне келгенде қызды қырық үйден тыйған. Осы тыйымның бәрі әйелдің иманы мен құрметін, ары мен ұятын қорғайды.

«Қайда болсаңдар да Алла баршаңды бір жерге жинайды». Бәріңнің құбыладағы бағыттарың әр түрлі болса да Қағба бір болғандықтан бәрің бір мешітте тұрған жамағаттай боласыңдар. Иә, расында Харам мешітіне барып намазға тұра қалсаңыз бір мешіттің ішінде төрт бағыттан бет тұрған жамағатты көресіз. Бірақ бұл бірліктің белгісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен үстіміздегі жылғы 29 қыркүйекте облыста басталған «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін ведомствоаралық топ бір ай бойы қарбалас жұмысты қорытындылады. Топ жетекшісі Бас прокурор Жақып Асанов облыстық әкімдікте үкіметтік емес ұйымдар және облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, қала жұртшылығымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды саралады, осы бағыттағы өзіндік ой-тұжырымдарымен бөлісті.

Ислам дінінің адамзат өміріндегі орны ерекше. Әлемді ізгілікке үндеп, ілгері ниет, ілкімді ойға жетелер осынау дініміздің қадір-қасиетін ұғып, оны лайықты тұтынар жамағаттың қатары қалың. Десек те, кейбір келеңсіз әрекеттердің кесірінен Исламға орынсыз күйе жағылып, кінә тағылып жататыны бар. Осы орайда біз ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай ӨТПЕНОВКЕ жолығып, сауалдар қойған едік.

Қай заманды, қай кезеңді алсақ та біздің халқымыз дін, тіл, жер мәселесіне қашан да сергек қараған. Өйткені, дін, тіл, жер – ұлттың негізгі ұстындарының бірі саналған. Ал қазіргі кездегі дін төңірегіндегі мәселелер де бұған бей-жай қарай алмаудың айғағы дер едік. Мұндағы басты мәселе – Исламға келушілердің санында емес – сапасында, діни таным-түсінігінің түзулігінде. Одан да күрделі мәселе – осы ортаны басқаруда, аудиторияны игеруде... Бұл – кешенді мәселе, қоғамдық жауапкершілік деп атар едім.

«Экстремизм» термині – сөзбе-сөз (лат. Еxtremus - шеткі) шектен тыс көзқарастарды ұстанып, шектен тыс əрекеттерге бару қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару деп анықталады. Экстремизм – әр уақытта әрқалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.